Малидегі қақтығыста БҰҰ-ның үш бітімгері жараланды
Малиде БҰҰ тұрақтандыру бойынша көпсалалы кешендік миссиясының (MINUSMA) конвойына белгісіз біреулер шабуыл жасады. Оқиға салдарынан үш бітімгер зардап шекті.
«Бер қаласынан шыққан конвойға екі рет шабуыл жасады. Зардап шеккен үш бітімгер медициналық көмек көрсету үшін Тимбукту қаласына эвакуацияланды», - делінген миссияның 13 тамызда X (бұған дейін Twitter) әлеуметтік желісінде жарияланған хабарламасында.
Бұған дейін MINUSMA қауіпсіздікке байланысты жағдайдың нашарлауы салдарынан бітімгерлерді жылдам алып шығу туралы хабарлаған болатын. Мали үкіметі 16 маусымда БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесіне MINUSMA күшін елден жылдам шығару туралы өтініш жасаған болатын. Мали сыртқы істер және халықаралық ынтымақтастық министрі Абдулайе Диоп БҰҰ бітімгерлері елдегі қауіпсіздік қамтамасыз етуге қауқары жетпейтінін мәлімдеген болатын. БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесі 30 маусымда MINUSMA мандатының әрекетін тоқтату туралы үкім шығарды.
БҰҰ бұйрығына әйкес, бітімгерлік контингенті елден 31 желтоқсанға дейін шығуы тиіс.
Фото:ашық дереккөзден
Abai.kz