Жұма, 20 Қыркүйек 2024
1349 0 пікір 15 Тамыз, 2023 сағат 10:24

Маңғыстауда электр энергиясы кестемен берілмек

Осы жұмыс аптасының басынан аяғына дейін Ақтау және Жаңаөзен қалаларында, сондай-ақ Маңғыстау облысының бірқатар елді мекендерінде электр энергиясын ішінара тиімді шектеу режимі енгізіледі. Бұл туралы Маңғыстау облысы әкімінің баспасөз қызметінен мәлім етті.

Апатты жағдайдағы №3 энергия блогын қалпына келтіруге байланысты, сондай-ақ МАЭК-тегі ЖЭС (ТЭС) №1 энергия блогы жұмысының уақытша тоқтауы себепті жүргізіліп жатқан жөндеу жұмыстарының аясында Маңғыстау облысында электр энергиясын тұтынуға уақытша шектеу енгізілді.

Бүгін, 14 тамызда мамандар жан-жақты жоспарды саралап, электр энергиясын шектеу уақытының кестесін жасады.

Қазіргі таңда кесте 15 тамыз сейсенбіден бастап, 18 тамыз жұмаға дейін жасалған.

Егер де электр энергиясын кестемен шектеу режимі одан әрі ұзартылатын болса, облыс тұрғындарына алдын ала хабарланады.

 

Abai.kz

0 пікір