Сәрсенбі, 13 Қараша 2024
1423 0 пікір 15 Тамыз, 2023 сағат 13:48

Министр: «Қазақстанға келетін су мөлшері аз»

Қазақстанның су саласындағы жағдай күрделі. Біздің елге келіп жатқан судың мөлшері аз. Бұл туралы Экология және табиғи ресурстар министрі Зүлфия Сүлейменова айтты.

Министр «Қырғызстан заңды бұзбай, белгіленген ережеге сай су жіберіп жатыр ма?» деген сұраққа «Қырғыз тарапымен өте тығыз жұмыс істеп жатырмыз. Бішкекке бардым. Вице-министріміз Қордай, Байзақ, Талап ауданына да барды. Бір рет емес, бірнеше мәрте барып жүр. Биылдың басында кестеге қол қойдық. Кесте шеңберінде мүмкіндігінше жұмыс істеп жатырмыз. Қазіргі таңда жағдай күрделі», - деп жауап берген.

Министр Қырғызгидрометтің наурыз-сәуір айында берген ақпараты расталмағанын мәлімдеді.

«Негізінен олардың берген болжамы – нормаға сәйкес немесе нормадан жоғары болатын. Өкінішке қарай нормадан едәуір төмен болды. Соған байланысты қырғыз тарапымен бірнеше ай бойы кесте жасап, судың келуін, шығындалуын пысықтаған болатынбыз. Осы айдан бастап Киров су қоймасында қазіргі таңда су өте тапшы. Судың келуі шілденің өзі 1,5 текше метр секундына келіп жатты. 2022 жылдың шілдесінде секундына 65 текше метр келсе, биыл 1,5 текше метр келіп жатты. Соған байланысты күрделі жағдай қалыптасты», – дейді ол.

Сонымен қатар, Тасөткел каналының өзінде 200-ден астам заңсыз насос анықталып, Бас прокуратураға хабар берілген.

Фото:ашық дереккөзден

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1239
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 2950
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 3320