Сенбі, 23 Қараша 2024
Айқай 2476 4 пікір 15 Тамыз, 2023 сағат 14:16

Хан Кененің басын елге әкелу. Мәдениет министрі не дейді?

Коллаж: ulysmedia.kz.

Хан Кененің басына қатысты проблема үнемі көтеріліп, БАҚ тарапынан сан-саққа жүгіртіліп келеді.

2016 жылы құрылған анайы комиссия мүшелеріне Санкт-Петербургтегі І Петр атындағы антропология және этнография музейі  директорының орынбасары Ефим Резванның:  «Бізде Кенесары ханның бас сүйегі сақталмаған», - дей келе, Кунсткамерада Кейкі батырдың бас сүйегі бар екенін, егерде жоғары басшылық тарапынан Жарлық шығарылып, нұсқау берілетін болса, қайтарылатынын мәлімдегені, кейін Кейкі батырдың басының елге оралып жерленгенін білеміз.

Жыл басында осы мәселе депутаттар тарапынан тағы бір мәрте көтерілді. Айтылды. Алайда оның бәрі сөз күйінде қалып отыр. Бүгін БАҚ-та белгілі болғандай, Қазақстанның Мәдениет министрі Асхат Оралов мырза Хан Кененің бас сүйегіне қатысты пікір білдіріпті. Сонымен министр не дейді?

«Ең алдымен ғалымдармен жұмыс істеу керек шығар. Одан кейін мәселені сыртқы істер министрлігі шешуі керек. Біз шет мемлекеттермен қарым-қатынасты сыртқы істер министрлігі арқылы ұйымдастырамыз. Бұл –  заңда белгіленген тәртіп. Мәдениет саласы болсын, мейлі спорт саласы болсын, біз өзге елдермен осы ведомство арқылы байланысамыз», – деді мәдениет министрі.

2014 жылғы қазанда Астанадағы Л. Гумилев атындағы Еуразия университеті «Алаш» ғылыми-зерттеу институтының директоры Сұлтанхан Аққұлұлы КСРО ҒА Музей қорын ұзақ жыл басқарған академик Юрий Хорошилов 2003 жылы бір басылымға берген сұхбатын өзек ете отырып, «Мегаполис» апталығына көлемді мақала жазып, онда бірқатар тың деректер мен мәліметтерді келтірді.

Оның омбылық өлкетанушы Андрей Палашенков пен жазушы Сергей Марковтың жазбаларына сүйеніп айтуына қарағанда, Кенесары ханның бас сүйегі 40-жылдарға дейін Омбының өлкетану музейі қорында сақталып, кейіннен Кунсткамераға жіберілген. Одан Этностар мен адамның пайда болуы ғылыми-зертету инсититутына өтіп, әрі қарай Ресейдің Гохранасына тапсырылған.

Онда тапсырылған дүние еш жоғалмайды. Тек Ресей жағы Хан Иеміздің басын қайтаруға құлықсыз. Тек Ресей соғыста жеңілгенін тілеп, сол кезде Кенесары өз ұлытымен қауышады дегенге сенейік.

Abai.kz

4 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1482
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3254
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5499