Дүйсенбі, 12 Қазан 2026
2634 0 пікір 16 Тамыз, 2023 сағат 14:15

Украинадағы соғысқа қатысқан қырғыз ұсталды

Қырғызстанның Нарын облысының тұрғыны Украинадағы соғысқа қатысып келгені анықталып, қамауға алынғаны мәлім болды. Бұл жөнінде Қырғызстанның Ұлттық қауіпсіздік комитеті хабарлады.

Ол 1 тамызда ұсталып, ісі сотқа өткен.

Ақпаратқа қарағанда, ол Ресейде жұмыс істеп жүріп, былтыр 22 ақпанда қылмыс жасағаны үшін түрмеге қамалған, сол жерден "Вагнер" жекеменшік компаниясы арқылы Украинаға барғанын айтқан. Ол Қырғызстан заңына сәйкес, бөтен елдің соғысына қатысқаны үшін он жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін.

Бұл оқиға туралы Азаттық 14 тамызда жазған.

Украинадағы соғысқа қатысқан Нарын тұрғыны туған жеріне оралғаннан кейін, үш аптадан соң ұсталған.

Бұл Қырғызстанда Ресей жағында Украинадағы соғысқа қатысқаны үшін қамалған екінші оқиға.

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

46 - сөз

Бір тағдырдың ар жағындағы бір дәуір

Инара Аубакирова 950
46 - сөз

Академик: Ресей ғылымға қару кезенді!

Нұргелді Әбдіғаниұлы 1275