Сенбі, 23 Қараша 2024
1785 3 пікір 16 Тамыз, 2023 сағат 14:37

Гүл ұрлаушы шенеунік жұмыстан қуылды

Шымкент қаласы Еңбекші аудандық мемлекеттік кірістер басқармасы басшысының орынбасары қызметінен кетті, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Естеріңізге сала кетейік, жуырда желіде Шымкенттегі гүл дүкенінде түсірілген видео тарады. Кадрлардан ер адамның дүкен қызметкерін ұрып-соғып, гүл ұрлағанын көруге болады. Кейінірек бейнежазбадағы "батыр" бұрынғы учаскелік инспектор екені анықталды. Ал оның қасында Еңбекші ауданы бойынша мемлекеттік кірістер басқармасы басшысының орынбасары Данияр Елқонды болған.

Осы жағдайға қатысты Шымкент қаласы бойынша мемлекеттік кірістер департаменті басшысының бұйрығымен Д.Елқонды «қатаң сөгіс» түріндегі тәртіптік жазаға тартылған.

Бүгін белгілі болғандай, Данияр Елқонды өзі берген өтініш негізінде атқаратын қызметінен босатылды.

«Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің басшылығы тарапынан, қажет болған жағдайда қызметтік тергеп-тексеру жүргізу арқылы, қолданылған тәртіптік жазаның жасалған теріс қылықтың ауырлығына сәйкестігі тұрғысынан зерделеу қажеттігі туралы тапсырма берілген. Алайда, қазіргі уақытта Д.Елқонды өзінің өтініші негізінде атқаратын лауазымынан босатылды. Қолданыстағы заңнама талаптарына сәйкес, оған мемлекеттік қызметті өз еркімен тоқтатуға кедергілер болмады», - деді ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігі Шымкент қаласы бойынша департаментінің басшысы Шәкір Сұлтанхан.

 

Abai.kz

3 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1481
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3253
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5475