Жұма, 20 Қыркүйек 2024
1678 0 пікір 17 Тамыз, 2023 сағат 13:00

Қарағанды облысында көмір шахтасы өртеніп жатыр

Қарағанды облысындағы «АрселорМиттал Теміртау» АҚ Көмір департаментіне қарасты «Қазақстан» шахтасында өрт шықты.

Оқиға орнына облыс әкімінің бірінші орынбасары Вадим Басин мен Шахтинск қаласының әкімі Мұрат Қыдырғанбеков жетті. "КӘАҚҚ" РО қызметкерлері жұмыс істеп жатыр. Қосымша көмек қолы жіберілді.

17 тамызда сағат 10:05-те "АрселорМиттал Теміртау" АҚ КД "Қазақстан" шахтасында Д6 (горизонт – 170 м) көмір еңісінің қазбасында конвейер таспасының өртенген, апатты жою жоспары енгізілді. Шахтаны желдету жүргізіледі (ауа беру кері позицияға ауыстырылды). Орынға "КӘАҚҚ" РО 3 бөлімшесі (15 қызметкер және 5 техника) және ТЖД (8 қызметкер және 2 техника) келді. Шахтада барлығы 227 адам болды, шахтаның қаптал арқылы адамдарды жер бетіне шығарып жатыр. Қазіргі сәтте 65 адам жер бетіне шығарылды. Бұл жерге қосымша "КӘАҚҚ" РШМ (15 қызметкер және 3 техника) және ТЖД (8 қызметкер және 2 техника) күштері келеді, – делінген жедел хабарламада.

Фото: ашық дереккөзден

Abai.kz

0 пікір