«Соғысқа жол жоқ»: Астаналықтар Земфираның ән кешінде ұрандатты
Астана тұрғындары ресейлік әнші Земфираның концертінде "Cоғысқа жол жоқ" деп ұрандады, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.
"Мен мұнда 23 жыл болған жоқпын. Ал, сәлем, Астана!",- деп көрермендерімен амандасты әртіс.
Іс-шара барысында, Алматыдағыдай Астанадағы көрермен де Земфираның саяси ұстанымын қолдай отырып, "Соғысқа жол жоқ" деп ұрандай бастады.
Естеріңізге сала кетейік, Земфира — белгілі ресейлік әнші. Соғысқа ашық қарсы шыққан және Украинаны қолдаған Ресейдің санаулы әртістерінің бірі. Ол соғысқа қарсы "Не стреляйте" әнін шығарды.
Оның танымал әндерін ТМД жұртшылығы тегіс біледі. Әсіресе, "Хочешь?", "Искала", "Снег" әндерінің шоқтығы биік.
Соғысқа қарсы ұстанымына байланысты Земфираның әндері Ресей Федерациясындағы радиостанциялардың эфирінен алынып тасталды, кейінірек ол "шетелдік агенттер" тізіміне енгізілді.
БАҚ-тың хабарлауынша, әнші Ресей Федерациясының Әділет министрлігінің үстінен "иноагент" мәртебесін беруді заңсыз деп тану жөнінде арызданған, бірақ сот оның арызын қанағаттандырмады.
Еске салайық, 2022 жылдың 24 ақпанынан бастап Украинада Владимир Путиннің жарлығымен Ресей бастаған толыққанды соғыс жүріп жатыр.
Abai.kz