Сенбі, 23 Қараша 2024
1461 1 пікір 21 Тамыз, 2023 сағат 12:52

Байден Орталық Азия басшыларын АҚШ-қа шақырды

АҚШ президенті Джо Байден Орталық Азия елдері басшылығының қатысуымен саммит өткізуді жоспарлауда.

18 тамызда Forbes АҚШ президенті Джо Байденнің Өзбекстан президенті Шавкат Мирзияевке жолдаған хатының мәтінін жариялады.

Онда АҚШ президенті өзбек басшысын қыркүйектің аяғында Нью-Йоркта БҰҰ-ның Бас Ассамблеясы сессиясының ашылуы кезінде өтетін "Орталық Азия- АҚШ" (С5+1) форматындағы бірінші саммитке шақырған.

Хатта АҚШ пен Орталық Азия президенттерінің кездесуі 19- 20 қыркүйекте белгіленгені айтылады.

"Мен БҰҰ-ның Бас Ассамблеясының сессиясын тағатсыздана күтемін. Онда біз халық өміріндегі ең маңызды мәселелер бойынша шешімдерге келеміз. 19-20 қыркүйектегі “C5+1” форматындағы ресми кездесуде сіз және әріптестерімізбен бірге қауіпсіздік, экономика және экология бойынша жалпы мақсаттарға жетуді талқылаймыз деп үміттенемін", - деп жазған Джо Байден.

Abai.kz

1 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1466
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3241
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5387