Жұма, 22 Қараша 2024
Жаңалықтар 3788 0 пікір 30 Маусым, 2013 сағат 21:18

Бурабайдағы қуыршақ қазақ

Жуырда Алматыдан Бурабайға барған бір топ азамат қазақ кейпіндегі мына қуыршақты көріп «қайран» қалыпты. Шамасы, жергілікті фотографтар қазақтың киімін кигізген кісі бойындай қуыршақпен шетелдіктерден жасыл теңге табуды ойластырса керек.

Сүрепетінен адам шошыр, жалбыр шашты алқам-салқам бұл «қазақ» талай қазақтың жанын жаралап, ел кезген жиһанкездердің фотосымен шетел асқан болар.

Қақ төрімізге бүкіл әлемді шақырып, автобан салдырғандағы мақтанғымыз келгені осы ма?!  Және қанша қазақ барғанда біреуінің «қой!» деуге жігері жоқ болғаны ма? Қойдыруға ешкімнің көзі түспегені ме?!

Әрине, бұл арқылы бір жылдай Бурабай әкімі болған жергілікті ұлтшыл азамат, Әліби Ғазизұлының ауласына тас лақтырғымыз жоқ. Оның көзінен қағыс талай нәрсе істеліп жатқан болар, бірақ былайғы қазақтардың адамдық, қазақтық намысы қайда? Мәселе осында болып тұр. Ұлттық болмысымыз бен бейнеміз күлкіге айналған, намысымыз нашарлайтындай, ханымыз ордасын тіккен Бурабайдай төріміз кім көрінгеннің дәрет етер орнына айналмаса екен дейміз-дағы...

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1463
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3230
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5322