Жұма, 20 Қыркүйек 2024
1369 0 пікір 22 Тамыз, 2023 сағат 12:02

Былтырдан бері 7,8 млн га жер мемлекет меншігіне өтті

2022 жылдың басынан бері игерілмей жатқан немесе заңсыз берілген 7,8 млн га ауылшаруашылығы жерлері мемлекетке қайтарылды. 

ҚР Үкіметінің мәліметіне сәйкес, Мемлекет басшысы Қ. Тоқаевтың Жолдауын іске асыру аясында, мәселен, Қарағанды облысында 1,5 млн га ауылшаруашылығы жерлері мемлекет меншігіне қайтарылды.

Сондай-ақ:

  • Қостанай облысында – 738 мың га;
  • Ақтөбе облысында – 745 мың га;
  • Түркістан облысында – 631 мың га;
  • Павлодар облысында 532 мың га қайтарылды.

Республика бойынша жерді пайдаланушыларға қатысты 5,5 млн га алаңды қамтитын 2 410 жоспардан тыс тексеру тіркелді.

«Тексеру нәтижелері бойынша 3,1 млн га алаңда жер заңнамасын бұзу деректерін жою туралы 1 597 ұйғарым шығарылды, 240,9 мың га алаң бойынша 246 материал сот қарауында. Тиісті шаралар қабылданғаннан кейін жерді пайдаланушылар 2,7 млн га алқаптағы өз жерлерін игеруге кірісті», - делінген Үкімет хабарламасында.

Сонымен қатар қабылданған шешімдердің заңдылығына қатысты жергілікті атқарушы органдардың қызметіне жүргізілген жоспардан тыс тексерулердің қорытындысы бойынша аумағы 526,3 мың га ауылшаруашылығы жерлерін беру туралы жергілікті атқару органдардың 515 заңсыз шешімі анықталып, оның ішінде 135 шешімнің күші жойылды, қалған 380 шешімнің күшін жою бойынша жұмыстар жүргізіліп жатыр.

Фото: ашық дереккөзден

Abai.kz

0 пікір