Сенбі, 23 Қараша 2024
Билік 2638 27 пікір 22 Тамыз, 2023 сағат 13:56

Қоғамдық талқы: Қазақстанға АЭС керек пе?

Коллаж: Голос народа

Ақыры елімізде қай жерге АЭС салу керектігі мәлім болып, салынатын орынға Алматы облысындағы Үлкен ауылы таңдалды.

Тағдыры бұлыңғыр шағын ауыл билік тарапынан тегін таңдалынып алынып отырған жоқ. Биліктің қазақ қоғамы алдындағы басты уәжі халқы тарап кетудің аз-ақ алдында тұрған ауылды сақтап қалмақпыз-мыс.

Ауылдың кетеуінің кетуінің бір себебі оның маңындағы жердің әлдекімдердің қолында болып, сол жерді именденушілер оны ірі көлемдегі ақшаға бұлдап өткізбекші деген сыбыс та шықты.

Осы бағытта билік әуелі жергілікті тұрғындардың тамырын басып, АЭС салуға рұхсатын алып іске ың-шыңысыз кіріспекші болды. Бірақ бұл жымысқы әркет Рысбек Сәрсенбайұлы бастаған қоғамдық белсенділер тарапынан ескерусіз қалмай, бүкілреспубликалық талқылауға негіз болды.

Олардың орынды көтерген мәселесі эколог Мэлс Елеусізов тарапынан да қолдау тауып, басты орынға АЭС салына қалса, оның Балқаш үшін зор қатері барлығы алға тартылып отыр.

Жұт жеті ағайынды деп тегін айтпайды. Қазір бабамыздан мұраға қалған жерге үш бірдей экологиялық апат төніп тұр. Жайылымдық жердің тарылуы, трансшекаралық өзендердің тарапынан су тапшылығы және жығылған үстіне жұдырық болып табылған АЭС салу проблемасы.

Ел үкіметі осы соңғысын шешу үшін болашақ АЭС салуға төрт елдің біріне таңдау жасамақшы. Аталған елдер ретінде Ресей, Қытай, Франция және Оңтүстік Кореяның аттары аталды.

Осылардың ішінде ең оң тоқтам Франция дегенді АЭС қолдаушылар бір ауыздан құптап отырған жайы бар. Ел пікірін екіге жарған АЭС салынуы мен салынбауы уақыттың еншісіндегі дүние.

Abai.kz

27 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1468
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3241
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5394