Сенбі, 23 Қараша 2024
1409 1 пікір 22 Тамыз, 2023 сағат 16:15

Қырғызстанмен шекарада жүк көліктері кептеліп тұр

22 тамызда Қырғызстан мен Қазақстан шекарасындағы "Ақ тілек" өткізу бекетіндегі тас жолда жүк көліктерінен ұзын-сонар кезек пайда болған. Азаттық тілшісімен сөйлескен жүргізушілер қазіргі уақытта шекарада 500-ден астам көлік кезекте тұрғанын, қазақ тарабы күніне бес-алты көлік өткізетінін айтқан.

21 тамыз күні кешке Қырғызстан мемлекеттік ұлттық қауіпсіздік комитетінің шекара қызметі шекарада көліктер тоқтап тұрғанын хабарлап, олардың саны 370-ке жуық екенін айтты.

Ведомствоның мәліметінше, 20 тамызда сағат 9.00-ден 18.00-ге дейін Қазақстан тарабы тек үш автокөлікті өткізген. Қырғызстан шекара қызметінің өкілдері Қазақстан шекарашыларымен автокөліктерді баяу өткізу мәселесін анықтау үшін кездесу өткізуді жоспарлап отыр.

Қазақстан қаржы министрлігінің баспасөз қызметі Азаттыққа көлік кептелісінің себебі кеден қызметінде емес деп айтты. Қазақстан ҰҚК шекара қызметі бұл оқиғаға әлі түсініктеме бермеді.

Шекарадағы жүк тасушы көліктердің кептілісі осыған дейін бірнеше рет тіркелген. Соңғы рет үлкен кезек маусым айында болды. Қырғызстан шекара қызметі кезек себебін ауыл шаруашылығы өнімдерінің экспорт саны ұлғаюымен байланыстырды.

Фото: ашық дереккөзден

Abai.kz

1 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1468
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3241
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5394