Сенбі, 23 Қараша 2024
1944 0 пікір 23 Тамыз, 2023 сағат 13:21

Жамбыл облысында төтенше жағдай жарияланды

Жамбыл облысының Қордай, Мерке, Рысқұлов және Талас аудандарында суару суының жетіспеуіне және күн ыстықтығына байланысты төтенше жағдай жарияланды. Бұл туралы Жамбыл облысының хабарлады.

Әкімдік шаруалардың шығынын жабу үшін үкіметтің төтенше жағдай резервінен ақша бөлу мәселесі қарастырылып жатқанын айтады.

Суару суының жетіспеуі мен ыстықтың салдарынан биыл шаруалар өнімдерінің 25-30 пайызын жоғалтуы мүмкін. Биыл Жамбыл облысындағы бес ауданда шаруаларға су жетпей, егістерінің жартысы шықпай қалған.

Жамбыл облысында шаруалар пайдаланатын судың 80 пайызы Қырғызстаннан келеді. Қазақстан билігінің айтуынша, биыл Қырғызстаннан келетін су 10 есеге азайған. Ал Қырғызстан тамызда Жамбыл облысына су жіберуді тоқтатқаны белгілі болды.

Себебі Қырғызстандағы Талас өзеніндегі Киров су қоймасындағы судық көлемі былтырмен салыстырғанда 144,8 млн куб метрге азайған. Былтыр бұл көлем 177,28 млн куб метр болған еді.

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1465
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3234
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5364