Сенбі, 23 Қараша 2024
Әне, көрдің бе? 3372 12 пікір 24 Тамыз, 2023 сағат 13:54

Пригожиннің ит өлімі. Келесі кезек кімде?

Осы аптадағы ең басты оқиға – Евгений Пригожиннің ит өлімі болды. Неге біз ит өлім деп отырымыз?..

Бүкіл әлем диктатор, екінші Гитлер деп таныған Путинге «француз легионы» сияқты шетелдік жалдамалы әскер қосыннын құрып беріп, Африка құрлығына 30 жылдан кейін орыс барлауын табан тіреткен жандайшабы иесін балағынан қабам деп осындай кепке ұшырады.

Иә, ләппай тақсырлап жүрген Пригожин аяқ астынан өз жүрісінен жаңылып, көзіне шел бітіп, Путиндік соғысқұмарлық саясатты сынап, орыс әлемінде бедел жинап, Ресейдің нағыз жанашырына айналып, Кремльдің ақыл-есін шығарған-тын.

Пригожин өзінің «Әділеттілік шеруімен» жер жүзін бір дүр сілкіндіріп, Путин әні тағынан таяды, міне таяды деген шақта араға екіжүзді Лукашенко түсіп, барша «ЧВК» Беларусьқа қоныс аударып, мәселе ың-шыңсыз біткен сияқты көрінген-тін.

Бір аян дүние - Путин қосынынан оның жандайшаптары тек темір табытпен ғана оны тастап шыға алатындығын Пригожиннің әуе апатынан қаза табуы дәлелдеп отыр. Бұл тек Путиннің кек алуы ғана емес, осы соғыс басталғаннан бері өзінің қасынан табылдағандарға ыммен жасаған ишарасы.

Осы ишараның алғашқы нышаны – Пригожиннің ит өлімі. Осы орайда келесі кезек кімдікі деген сауал туындайды? Бәлкім ол – Гиркин (Стрелков) бе? Оны уақыт көрсетеді.

Abai.kz

12 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1465
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3234
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5364