БАҚ: Самат Әбіш Эгей теңізінің жағасында жатыр
Экс-президенттің туған жиені әрі ҰҚК төрағасының бұрынғы бірінші орынбасары Самат Әбіш қазір Эгей теңізінің жағасында алаңсыз өмір сүріп жатыр, деп жазды Dala Inside.
Басылымның жазуынша, Әбішке Түркияда тұруға Режеп Тайып Ердоған рұқсат еткен. Сондай-ақ, оның Түркиядан бөлек, БАӘ-нде бірнеше жылжымайтын мүлкі бар көрінеді.
Самат Әбіш 2015-тен 2022 жылға дейін Ұлттық қауіпсіздік комитеті төрағасының бірінші орынбасары қызметін атқарды.
Ал қаңтар оқиғасынан кейін қызметінен босатылған. Бас прокурор Берік Асылов оның бұл істе “куәгер” ретінде ғана тергелгенін хабарлап, тергеуден соң қайда кеткенін білмейтінін айтты.
Abai.kz