Бұл туралы Қырғызстанның экономика министрлігі хабарлады. Онда министрдің орынбасары Назарбек Малаев мәлімет беріп, шекарадағы "Ақ тілек, "Кең-Булуң" және "Чалдыбар" өткізу бекеттеріндегі кептеліс 20 тамыздан басталғанын жеткізді.
"Қазақ тарап Еуразия экономикалық одағының негізгі принциптерінің бірін бұзып, еркін тауар тасымалын шектеп жатыр. Бұл әдеттегі жағдайға айналып, қазақ тарап Қырғызстаннан баратын көліктерді өткізуді баяулату үшін үнемі түрлі себептер тауып келеді", - делінген мәліметте.
Министрлік жүктердің арасында тез бұзылатын азық-түліктер бар екенін айтып, бұл кәсіпкерлерді шығынға батырып жатыр деді.
22 тамызда Қырғызстан шекара қызметі "Ақ-Тілек" өткізу бекетінде 370 көлік өте алмай түрғанын, таңғы тоғыздан кешкі алтыға дейін Қазақстан тарабы тек үш машинаны өткізгенін хабарлады. Көлік жүргізушілері 22 тамыз күндіз бекетке қарай 500-ден аса машина кезекте тұрғанын айтқан. "Ақ-Тілек" шекара бекетінде көлік кезегі 20 тамызда пайда болған.
23 тамызда Қырғызстанның мемлекеттік ұлттық қауіпсіздік комитетінің шекара қызметі қазақ-қырғыз шекарасындағы "Кен-Булун" тексеру-өткізу пунктінде жүк көліктерінің кезегі пайда боланын хабарлады.
Abai.kz