Жұма, 22 Қараша 2024
1882 2 пікір 28 Тамыз, 2023 сағат 12:04

Ғарифолла Есім мен Меңдібай Алин Мемлекеттік рәміздер туралы комиссияның құрамынан шығарылмақ

Мемлекеттік рәміздер мәселесімен айналысатын республикалық комиссияның құрамы өзгеруі мүмкін.

Ашық НҚА порталында жарияланған Үкімет қаулысында жазылғандай, Мемлекеттік рәміздер мен ведомстволық және оларға теңестірілген өзге де наградалар геральдикасы мәселелері жөніндегі республикалық комиссияның құрамына мына лауазымдағы тұлғалар қосылады:

- «Қазақ газеттері» ЖШС директоры (келісім бойынша);

- «Жастар» ғылыми-зерттеу орталығы ЖШС директоры (келісім бойынша);

- Мәдениет және спорт министрлігі мұрағат, құжаттама және кітап ісі комитетінің «Геральдикалық зерттеулер орталығы» республикалық мемлекеттік мекемесінің директоры (келісім бойынша);

- «Жас сарбаз» балалар-жасөспірімдер әскери-патриоттық қозғалысы республикалық қоғамдық бірлестігінің төрағасы (келісім бойынша);

- Сарым Айдос Әміроллаұлы – ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты (келісім бойынша);

- Бейсенбаев Елнұр Сабыржанұлы – ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты (келісім бойынша);

- Сыдықназаров Мұхит-Ардагер Қаржаубайұлы - Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің жанындағы Заманауи зерттеулер институтының директоры (келісім бойынша);

- Рауан Кенжеханұлы – «Қазақ тілі» қоғамдық бірлестігінің президенті (келісім бойынша).

Ал суретші Меңдібай Алин мен философ Ғарифолла Есім комиссия құрамынан шығарылады.

Тиісті жарлық жобасы 11 қыркүйекке дейін көпшілік талқылауда болады. Кейін Мемлекет басшысының қарауына енгізіледі.

Фото: ашық дереккөзден

Abai.kz

2 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1462
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3229
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5301