Бейсенбі, 19 Қыркүйек 2024
1756 12 пікір 29 Тамыз, 2023 сағат 13:16

"Мәдениеттің төмендігінің белгісі". Астана әкімі не дейді?

Сурет: Әлеуметтік желіден

Астана әкімі Жеңіс Қасымбек қаладағы Тәжікстаннан әкелінген жеміс-жидектердің көрмесінде тәртіп бұзу фактілері болғанын мойындады. Әкім "жәрмеңке мүлкіне зиян келіп, кейбір азаматтар шатырларды, сөрелерді, декорацияларды сындырғанын" айтады.

Қасымбек полицияға вандализм әрекеттерін жасаған және қоғамдық тәртіпті бұзған адамдарды анықтау жұмысы тапсырылғанын айта келе, "құқық бұзушылар жауапқа тартылады" деп мәлімдеді Facebook парақшасында.

"Бұл – мәдениеттің төменділігінің, адам еңбегін құрметтемеудің белгісі" дейді әкім.

26 тамызда Астанада халық тәжік шаруаларының көрмесінде қойылған жемістерді талап әкеткен еді. Интернетте тараған видеоның бірінде адамдар жемістерді таптап қарбыздарды алып жатқаны, тағы бір видеода жұрт пирамидаға ілінген жүзімдерді шешіп жатқаны байқалған. Тағы бір видеода адамдар көрмеде ілінген тәрелкелерді шешіп жатқаны көрінген. Желі қолданушылары халықтың жеміске таласын, ыдыстарды әкеткенін сынға алған.

Бүгін, 28 тамызда Астана қаласы кәсіпкерлікті дамыту және инвестиция басқармасы бастығының орынбасары Мақсат Жанабаев Астанадағы көрмеде "тәжік фермерлерінің өздері пирамидаға шығып, жемістерді халыққа өздері алып берді. Осы жемістерді алып келген тәжік достарымыздың өзі жемісті халық алса деді, себебі күннің астында жатып шіріп кетуі мүмкін" деген еді.

Жанабаев халықтың қарбыздарды әкетуі "қазір бізге Тәжікстаннан қарбыз келмейді, себебі ол жақтан қарбыз әкелу қымбат. Ал біздің халық Тәжікстанның тәтті қарбызы мен қауынынан дәм татқысы келді" деп түсіндіргендей болған.

Артынша Жеңіс Қасымбек Facebook парақшасында құқық бұзу фактісі туралы жазбасын жариялады.

Abai.kz

12 пікір