«Қоғамдық кеңес мүшелері бас жоспар дайындаушылардың ұстанымын қолдайды. Олар астана халқы санын арттыруға ұмтылудың қажеті жоқ, Қазақстанның барлық аймағы тең дәрежеде дамуы керек деп есептейді».
2030 жылға қарай астана халқы 2 миллионға, ал 2035 жылға қарай 2,3 миллион адамға жетеді деп болжанған. Қазір астанада 1,3 миллионнан астам адам тұрады.
Қоғамдық кеңес қаланың 2035 жылға дейінгі бас жоспары жобасын ұсыныстар мен ескертулерді еске отырып қабылдауға кеңес берді.
Өткен аптада еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Астанаға көшті шектеуді көздейтін ережелер дайындап жатқаны мәлім болған.
Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев биыл шілдеде астананы дамытуға қатысты жиналыста адам санының артуы «көлік саласындағы жағдайды ушықтырады» деп мәлімдеген.
Ресми мәлімет бойынша, Қазақстан халқының жеті пайыздан астамы қазір Астанада тұрады.
Abai.kz