Жұма, 22 Қараша 2024
1497 1 пікір 29 Тамыз, 2023 сағат 16:44

Бірнеше қалада жылыту уақытына дайындық баяу жүріп жатыр

Үкімет кулуарында Энергетика министрі Алмасадам Сәтқалиев жылыту маусымына дайындықты кестеден кешіктірген қалаларды атады. 

«Бірнеше проблемалық өңір бар. Бірінші кезекте бұл – Риддер. Шахтинскіні де қарап отырмыз. Кентауда да аздаған кестеден кешігу бар», - деді министр.

Оның сөзінше, қазір жылу жүйесінде проблемасы бара қалалардың бәрінде жіті бақылау орнатылған.

«Біз министрлік деңгейінде тиісті мәжілістер өткіздік. Мемлекеттік энергетикалық қадағалау органының өкілдерін жібердік. Тәуліктік бақылау жүргізіп, бейнемониторинг жасап жатырмыз. Дегенмен белгілі бір динамика бар. Ол жақтарда ахуал жақсарып келеді», - деді Алмасадам Сәтқалиев.

Фото: ашық дереккөзден

Abai.kz

1 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1462
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3229
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5308