Бейсенбі, 19 Қыркүйек 2024
1550 0 пікір 29 Тамыз, 2023 сағат 16:49

МӘМС қорының қаражатына тексеріс жүргізілмек

Премьер-Министрдің орынбасары – Қаржы министрі Ерұлан Жамаубаев Үкімет кулуарында Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорының қаражатына ревизия жүргізу жоспарланып отырғанын айтты.

«Біз қазір Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорымен және Денсаулық сақтау, Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігімен бірге жұмыс жүргізіп жатырмыз. Көп жағдайлар кездеседі екен. Мысалы, кейде ем алмаған адамды алды деп көрсетіп жібереді. Содан көп жерде қаражат жетпей жатады. Сосын консультация көбейіп кеткен. Бұрын консультацияның көлемі 10 млрд теңгеден аспаса, қазір 170 млрд теңгеден асып кеткен. Бір консультацияның ішінде не айтуы мүмкін?», - деді вице-премьер.

Сондай-ақ, ол әлеуметтік көмек алушылардың саны жыл сайын өсіп келе жатқанын айтты.

«Бізде контингенттің саны жылдан-жылға өсіп келе жатыр. Қазір біздегі зейнеткерлердің саны 2,4 млн-ға жетіп отыр. Жыл сайын 80-90 мың адам қосылады. Сондай-ақ, жәрдемақы алатын адамдардың саны да артып келеді. Қазір 1,1 млн адам бар. Дұрыс айтасыз. Біз соған ревизия жасаймыз. Қаражат қарастырылғанымен оның бәрінің есебі бар. Біздің басты мақсат - әр тиынды тиімді қолдану», - деді Ерұлан Жамаубаев.

Фото: ашық дереккөзден

Abai.kz

0 пікір