Бейсенбі, 19 Қыркүйек 2024
1651 1 пікір 30 Тамыз, 2023 сағат 22:53

Қырғыздар «ТикТокқа» тыйым салмақ

Қырғызстанның мәдениет министрлігі ел аумағында ТикТокты бұғаттау туралы шешім қабылдады, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

24kg мәліметінше, шешім одан әрі жүзеге асыру үшін Цифрлық даму министрлігіне жіберілген.

«Мәдениет министрлігіне бірқатар үкіметтік емес ұйымдардан балалардың психикалық дамуы мен денсаулығына кері әсерін тигізетін TikTok әлеуметтік желісінің зиянды әсері туралы жиі шағымдар түсті. Бағдарлама қолданушыны қысқа клиптердің виртуалды әлеміне батыратыны, оларды көргеннен кейін жасөспірімдер кейбір бейнелерді қайталауға тырысатыны, олардың кейбірінің өміріне қауіп төнетіні атап өтілген», - деп жазды министрлік мәлімдемесінде.

Сонымен қатар, балалардың психикасы әлі де тұрақсыз, ол енді ғана қалыптасып келеді және мұндай мазмұн тәуелділік тудырып, жас ұрпақтың эмоционалдық жағдайына кері әсер ететіні айтылған.

Көптеген өтініштерді ескере отырып және жүргізілген мониторинг негізінде Мәдениет, ақпарат, спорт және жастар саясаты министрлігі Қырғыз Республикасының аумағында TikTok қызметін тарату қызметін тоқтату туралы шешім қабылдады.

Фото: ашық дереккөзден
1 пікір