Сенбі, 23 Қараша 2024
2224 3 пікір 6 Қыркүйек, 2023 сағат 11:29

Өзбекстан бетті тұмшалауға және тоқал алуға тыйым салды

Өзбекстанның Олий Мәжілісі елдің Қылмыстық кодексіне және Әкімшілік жауапкершілік туралы кодекске өзгеріс пен толықтыру енгізетін заң жобасын мақұлдады.

Құжатқа сәйкес, өзбекстандықтар келесі құқықбұзушылықтар үшін жауапкершілікке тартылатын болады:

- ұлты, нәсілі, этникалық және діни белгілері бойынша азаматтардың үстемдігін немесе толымсыздығын насихаттау;

- заң тәртібімен тіркелмеген некені діни рәсіммен қию;

- екі және одан көп әйелмен бірге тұруды насихаттау;

- әйелдер мен ерлердің тең құқығын ашық түрде мойындамау;

- азаматтың бет-бейнесін тануға кедергі келтіретін киім-кешекті қоғамдық орында киіп жүру.

Айта кетейік, медициналық диагнозы бар адамдарға және қызметтік міндетін атқаратын мамандарға бет-бейнені тұмшалайтын киім киюге тыйым салынбайды. Бұдан бөлек, жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз ету кезінде, немесе спорттық және өзге де мәдени-бұқаралық шаралар кезінде, заңмен рұқсат етілген өзге де жағдайларда қолданылатын арнайы бас киімдерге тыйым қарастырылмаған.

Фото: ашық дереккөзден

Abai.kz

3 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1465
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3235
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5364