Сенбі, 23 Қараша 2024
1735 0 пікір 7 Қыркүйек, 2023 сағат 17:06

Сарыағаштағы сұмдық: 5 жасар қызды қорлап өлтірген адам өмір бойына сотталды

Сарыағаштағы 5 жасар қыздың өліміне қатысты күдіктіге сот үкімі шықты, деп хабарлайды ҚазАқпарат. 

Түркістан облыстық қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты Сарыағаштағы 5 жасар қыздың өліміне қатысты істі қарады.

Оқиға 13-шілде күні болған. Күдікті спирттік ішімдік ішкен мас халде өзінің үйіне келе жатып, жыныстық нәпсі құмарлығын қанағаттандыру үшін ойнап жүрген 5 жастағы қызды ауласына алдап кіргізген. Содан, күш қолдану арқылы жас балаға сексуалдық сипаттағы зорлық-зомбылық әрекеттерді жасаған. Одан әрі, аса ауыр қылмысын жасыру үшін қызды асхана пышағымен көкірегі мен іш-аумағынан бірнеше рет шаншылап-кескілеп өлтірген.

Сот үкімі Шымкент қаласы Сәуле ықшамауданында орналасқан ИЧ-69 мекемесінде оқылды.

48 жастағы сотталушы «Адам өлтіру» және «Сексуалдық сипаттағы зорлық-зомбылық әрекеттері» бабы бойынша кінәлі деп танылып, қалған өмірін темір тордың ар жағында өткізетін болды. Сондай-ақ, оған кастрация жасалып, 100 млн теңге көлемінде моральдық өтемақы төлеуге міндеттелді.

Еске салсақ, Түркістан облысының Сарыағаш ауданында 5 жасар қыз бала кісі қолынан қаза болды. Президент Бас прокуратура мен Ішкі істер министрлігіне қайғылы оқиғаның мән-жайын мұқият тексеруді тапсырған болатын.

Пышақ жарақатынан қайтыс болған қыздың денесі сот-медициналық сараптамадан өткеннен кейін 14 шілде күні жерленді.

Кейінірек қызды зорлады деген күдіктінің мұның алдында адам өлтіріп, 10 жыл түрмеде отырып келгені мәлім болды.

Осы іс бойынша салғырттық танытқан пробация қызметкерлерін тексеру басталды.

Түркістан облысының әкімі кісі қолынан қаза тапқан 5 жасар қыздың отбасында болып, туыстарына көңіл айтты.

Күдіктіні 2 ай мерзімге күзетпен ұстау түріндегі бұлтарпау шарасы санкцияланды.

Түркістан облысы Сарыағаш аудандық сотының төрағасын қызметінен босату туралы мәселе қозғалды.

 

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1466
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3241
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5385