Сенбі, 23 Қараша 2024
Жаңалықтар 2840 0 пікір 5 Қыркүйек, 2009 сағат 15:12

«Барахолкада» жарылыс бола жаздады

Алматының жұрты «барахолка», «қара базар» атап кеткен үлкен сауда орнында бүгін, яғни қыркүйектің 5-і күні, төтенше оқиға бола жаздады. Қолына қара шабадан ұстаған белгісіз біреу «барахолканың» ішіндегі «әл-Фараби» базарында жарлыс жасамақ болған. Аты-жөндерін атамауды өтінген саудагерлер әлгі адамды беттеріне сіреқап (маска) киген арнайы органның адамдары қуып келіп ұстап, жарылғыш заттарды заласыздандырғандарын айтады. Саудагерлер мен тұтынушылар шұғыл түрде сауда алаңынан шығарылып үлгеріпті. Куәгерлердің сөзіне қарағанда, лаңкестік әрекет жасамақ болған адамның ұлты ұйғыр көрінеді. Әзірге, «әл-Фарабиде» болған оқиға туралы құқық қорғау орындары ресми мәлімет бере қойған жоқ. Алайда бұл жайтты куәлар Шыңжаңдағы оқиғамен байланыстыруда. Естеріңізде болар, шілде айының 5-і күні Қытайдың Шыжаң аймағындағы Үрімші қаласында ұйғырлар мен этникалық ханьсулар қақтығысып қалып, қақтығыстың салдарынан  140 адам мерт болған еді. Осы күндері Үрімшіде бүлік жасаған ұйғырларға қатысты сот жүріп жатыр. Сот отырысына наразылық танытқан ұйғырлар әлемнің әр нүктесінен үн қатуда. Мына мәселеде, бәлкім, сондай наразылықтың бір ұшқыны шығар. Абай болайық.

«Абай-информ».

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1465
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3236
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5371