Сенбі, 23 Қараша 2024
Әріптестің әңгімесі 2505 1 пікір 20 Қыркүйек, 2023 сағат 15:28

15 млрд теңгенің сұрауы қайда, «Самұрық-Қазына»?

Бүгінде мемлекет ішіндегі мемлекетке айналған «Самұрық-Қазына» қорының бас сұқпаған саласы қалмады, - деп жазады dalanews.kz

«Фонд-бюро расследования коррупции» Телегарам арнасы 2020 жылы қорға қарайтын «Самұрық-Энерго» АҚ-ға қарасты «Ereymentau Wind Power» ЖШС құны 26,1 млрд теңгені құрайтын 50 МВт-тық жел электр стансаларын салу үшін тендер өткізіп, нәтижесінде жеңімпаз деп танылған «Олимп Транс Сервис» серіктестігі ақшаның жартысынан көбін қалтаға басып алып, міндеттмесін орындамағанын жазды.

Арнаның хабарлауынша, бұл былықты Астана қаласының ішкі аудит департаменті анықтап, серіктестік мемлекеттің 15 млрд теңгесін талан-таражға салып, уәде еткен жел электр стансасын салмағанын жария еткен.

Келісім-шартқа сай Ақмола облысының аумағында салынуы тиіс жел электр стансасы 2021 жылдың 4 маусымында, яғни, 17 айдың ішінде қолданысқа берілуі керек еді. Бірақ жел электр стансасының қара-құрасы да жоқ.

2020 жылы мердігерге 10,5 млрд теңгені құрайтын аванстық төлемді «Ereymentau Wind Power» ЖШС-ы толық көлемде төлеген.

Арада біршама уақыт өткеннен кейін аталған компания желден қуат көзін өндіретін 11 қондырғына елге жеткізу үшін келісім-шартта көрсетілген аванстық төлемнің аз екенін айтып, оның мөлшерін көбейтуді талап еткен.

Бұдан кейін тапсырыс беруші мердігердің келісім-шартқа қайшы келетін талабына назар аудармастан, тағы да 5,5 млрд теңге аударған. Мердігер қосымша қаржы алса да келісім-шартта көрсетілген өзінің міндеттемесін мүлде орындамаған.

Бүгінде «Самұрық-Энергоға» қарайтын «Ereymentau Wind Power» команиясы мердігердің айтқанына көніп, келісім-шартта көрсетілген аванстық төлем мәселесі өздері сақтамаған соң, жобаны сақтандырушы компания оларға сақтандыру төлемін төлеуден бас тартқан.

Телгарам арна мемлекет қаражытын қайтаруға қатысты ешқандай жұмыстар жүріп жатпағаны мәлім алға тартты.

Ал «Самұрық-Қазына» әл-ауқат қоры өзінің еншілес компаниясына анықталған заңбұзушылақтарды жойып, бұл іске қатысы бар тұлғаларды анықтауды тапсырған. Болған-біткені осы.

Осылайша «Самұрық-Энергоның» жасыл энергетиканы дамытуға қатысты бір жобасы сәтсіздікке ұшырап, бірде-бір жел электр стансасы салынбады. Ал бұл жағдайдан кейін «Самұрық-Қазынаның» елімізде Атом электр стансасын салауға қатысты бастамасына халық қалай қолдайды. АЭС салуға бөлінген мемлекет қаржысы ұстағанның қолында, тістегеннің ауызында кетпейді дегенге кім сенеді?

Осыдай әрекеттер ел азаматтарының билікке деген сенімін жоғалтатыны анық. Ал оның ойлап, бас қатырған «Самұрық-Қазына» қорын байқамадық. Халық алдындағы сенім, репутатция нұқсан келсе, оны қайтадан жөндеп алатын көлік емес екенін қор басшы Нұрлан Жақыпов неге түсінбейді?!

Осы бір оқиғадан «Самұрық-Қазынаның» иегінің астында не болып жатқанын көрмейтін, сезбейтін ебедейсіз құрылымға айналғанын байқауға болады.

Қорда еншілес компанияларының нендей мәселемен айналысып жатқанын қадағалайтын жүздеген менеджер бар. Солар «Ereymentau Wind Power» ЖШС-ның келісім-шарттағы алдын ала төлем мәселесін бұзуына қалайша жол берді деген сауал туындайды.

Мұны «Самұрық-Қазына» мұны байқамай қалыпты дейік, ал елімізде салынып жатқан энергетикалық нысандардың басты қадағалаушысы ретінде белгіленген «Самұрық-Энеро» АҚ аспанға қарап, жұлдыз санаған ба? Сұрақ көп жауап жоқ.

Мемлекеттің қаржысын желге шашатын мұндай тізбектелген компаниялардың бізге қажеті қанша? Осы жайттан кейін «Самұрық-Қазынаны» тарқатып, оның құзіретін министрліктерге бөліп беру керек байқайсың.

Abai.kz

1 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1466
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3241
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5386