Жексенбі, 22 Желтоқсан 2024
Жаңалықтар 5671 0 пікір 26 Шілде, 2013 сағат 21:04

Гүлдана Махамбетқызы. Орамал жамылған орынсыз қылық

Астана астана болғалы мұндағы тіршілік жандана түсті. Қала көшелеріндегі құмырсқаның илеуіндей қыбырлаған тынымсыз қозғалысты байқамау мүмкін емес. Бірі жұмысына, бірі үйіне, енді бірі өзге шаруамен асыға қозғалып жатқан адамдар.

Қалалы жердің қым-қуыт тірлігіне үйреніп алған мен де  әдеттегідей ертеңгісін жұмыс орныма асығып №3 бағыттағы Республика даңғылын бойлай жүретін  автобусқа міндім. Жолай аялдамаларда мен мінген көліктен мініп-түсіп жатқан кісі санында есеп жоқ.  Әлден уақытта қарсы алдымдағы бос орындыққа бет-аузын орамалмен тұмшалаған, жер сүйгізе кең етек көйлек киген бір келіншек келіп жайғасты. Бүгінгі қоғамымызға сіңісіп алған бұл киім кию үрдісі мені аса таң қалдырған жоқ-тын. Әйтсе де, өзіміздей қыз-келіншектердің айдай ажарын тұмшалап, болмыстарын барынша жасыратынын іштей қабылдамайтынмын. Сөйте тұра, бес уақыт намаз оқып,  құдайға құлшылық жасаған  замандастарыма  қызыға қарайтыным тағы бар. Олар жайында кім не деп жатса да тазалық пен әдептіліктің бір ізі деп ойлаймын. 

Бір аялдамалық уақыт өткенде әлгі келіншек қарсы алдында отырған  менің үстімді көз қиығымен бір шалып ап, қара сөмкесінен қалта телефонын шығарды. Қолына алғаны сол еді әлгі телефон шырылдай жөнелді. Сол сол-ақ екен көлік іші боқауыз, былапыт сөзге оранды. Ыңғайсыз ситуацияға куә болған жолаушылардың бірі жағасын ұстаса, бірі үндемеген күйі келіншектен көз айыра алмай отыр.  Г есімді әйел затымен сұқбаттасып отырған кейіпкеріміздің аузынан ақ ит кіріп, көк ит шықты, «Г. саған түсінбеймін ол албасты қатынның к...н айырмайсың ба, неге жуастық танытасың, мен екі-үш күнде барамын, шашын жұлып, жанын шығарам оның. Өзін п.....н деп жүр ме ол», деп қоғамдық көлікте отырғанын ұмытқан, бірер минут бұрын имандылықтың айнасындай көрінген келіншектің бұл қылығынан шошынғанымды жасыра алмаған мен: «Кешіріңіз, бірақ сіз қоғамдық көлікте жүріп келесіз, мұнда бала-шаға бар дегендей» - дегенім сол еді, - «Сенің шаруаң болмасын, мен не үстіңе мініп келемін бе, ұнамаса таксимен бар не құлағыңды жауып ал» - деп ары қарай боқтай жөнелмесі бар ма. Алған жауабыма абдыраған мен жұмған аузымды ашпадым. Әйтсе де көкейімнен кетпей қалған әлгі келіншектің қылығы жайында көп ойландым. Ислам – кісіні  сабырлық пен ынсапқа, имандылық пен таза ниеттілікке шақыратын дін емес пе? Ауыздан шыққан алты ауыз сөзі харам болса, басындағы тұмшалаған орамалы не үшін керек? Бәлкім былапыттығын бекітетін бетперде ретінде пайдаланатын шығар. Жұмысыма таяп, көліктен түсіп кете бардым. Бірақ, бүгінгі көңіл-күйім күндегідей болмады. Көкейде тізбектелген сұрақ, көкіректе зіл қалды.

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

46 - сөз

Тибет қалай Тәуелсіздігінен айырылды?

Бейсенғазы Ұлықбек 1963