Жұма, 22 Қараша 2024
1490 0 пікір 28 Қыркүйек, 2023 сағат 12:45

Интернет-дүкендер сауда орны болып саналмақ

Елімізде тауар сату мақсатында пайдаланылатын интернет-ресурстар «сауда объектілеріне» теңестірілмек. Бұл туралы Мәжілістің Экономикалық реформа және өңірлік даму комитетінің отырысында Сауда және интеграция вице-министрі Қайрат Балықбаев айтты.

«2023 жылдың 6 айында Онлайн саудаға қатысты тұтынушылардың электрондық сауда сегментіне шағымдарының саны 2021 жылға қарағанда 400 пайыз өсті. Осыны ескере отырып, заң жобасымен шарттарда тұтынушылардың құқықтары мен заңды мүдделерін бұзатын және оларға қысым жасайтын талаптаға жол бермеуді бекіту, сондай-ақ құқықтық олқылықтарды жою, атап айтқанда, тауарларды сату мақсатында пайдаланылатын интернет-ресурстарды «сауда объектілеріне» теңестіру ұсынылады», - деді Қайрат Балықбаев «Тұтынушылардың құқықтарын қорғау туралы» заң жобасының және оған ілеспе заң жобасының таныстырылымы барысында.

Оның атап өтуінше, бұл өз кезегінде бизнес субъектілерін ӘҚБтК 193-бабының 1-бөлігі бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартуға мүмкіндік береді.

«Сонымен қатар заң жобасында құқық қолдану практикасы мен тұтынушыларды құқықтық қорғаудың нәтижесіне әсер ететін әртүрлі түсіндірмелері бар бірқатар құқықтық олқылықты, норманы жою ұсынылады», - деді вице-министр.

 

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1462
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3229
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5308