Жұма, 22 Қараша 2024
2029 2 пікір 28 Қыркүйек, 2023 сағат 15:00

Таулы Қарабақ республикасы жойылады

2024 жылдың 1 қаңтарынан бастап мойындалмаған Таулы Қарабақ республикасы өмір сүруін тоқтатады. Атаулы жарлыққа аймақ басшысы Самвел Шахраманян қол қойды. 

Құжат бойынша, Таулы Қарабақтағы барлық мемлекеттік мекеме мен ұйым таратылады. Ал халыққа Әзербайжанмен реинтеграция шарттары ұсынылған. Қарабақта қалу не қалмауды тұрғындардың өзі шешеді.

Армения үкіметінің кейінгі мәліметінше, Таулы Қарабақтан Арменияға 19 мыңға жуық адам қоныс аударған.

Айта кетсек, 19 қыркүйекте Әзербайжан Таулы Қарабақ аумағында әскери операция бастаған болатын.

 

Abai.kz

2 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1463
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3230
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5320