Жұма, 22 Қараша 2024
1591 3 пікір 28 Қыркүйек, 2023 сағат 15:17

Қарағанды ЖЭО-ғы апат: Министрлік тексеріс жүргізбек

Қарағанды қаласының энергия жүйесіндегі бүгінгі апаттың себебін Энергетика министрлігінің комитеті анықтайтын болады.

«Министрліктің Атомдық және энергетикалық қадағалау мен бақылау комитеті Қарағанды ЖЭО-3-тегі технологиялық бұзушылықты тергеумен айналысады», - делінген мәліметте.

Ведомство ақпаратына сүйенсек, бүгін «Қарағанды-Энергоцентр» ЖШС-ға тиесілі ЖЭО-3-тің 220 кВ-тық Ашық тарату құрылғысында қысқа тұйықталу және Қарағанды ЖЭО-3 пен Топар ГРЭС байланыстыратын 110 кВ электр беру желілерінің одан әрі шамадан тыс жүктелуі салдарынан аталған электр станцияларында генерацияның толық төмендеуі орын алды. Өндірістің төмендеуіне байланысты Қарағанды қаласы мен Қарағанды облысының өнеркәсіптік тұтынушылары бойынша шамамен 350 МВт шектеулер енгізілді.

Төтенше жағдай салдарынан қаланың бірқатар бөлігі су мен жарықсыз қалды, интернет байланысы үзілді. Полицейлер жол бойындағы қозғалысты реттеуге шықты.

Бүгін Қарағанды облысының бас шаһарында абоненттердің басым дені жарықсыз қалған болатын.

 

Abai.kz

3 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1462
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3229
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5308