Бейсенбі, 26 Желтоқсан 2024
1628 1 пікір 2 Қазан, 2023 сағат 12:10

Анкарадағы теракт: Ердоған КЖП мен FETО-ны айыптады

Жексенбі күні таңертең белгісіз жанкешті Анкара орталығында ішкі істер министрлігі ғимараты алдында өзін жарды. 

Түркия ішкі істер министрінің хабарлауынша, жанкешті жарылыс кезінде өлген, оның жанындағы адамды полицейлер атып өлтірген. Министр оқиғаны теракт ретінде сипаттады.

Haberturk сайтының жазуынша, екі адам ғимаратқа көлікпен барып, жарылыс жасаған. Екі полицей жарақаттанған.

"Атыс кезінде екі полицей жеңіл жарақаттанды" деп жазды Түркия ішкі істер министрі Әли Ерликай X-тегі (бұрынғы Twitter) парақшасында.

Түркия ІІМ ғимараты маңына түрік парламенті жақын орналасқан. 1 қазанда онда жазғы демалыстан кейін парламенттің алғашқы отырысы өтуге тиіс болған. Кей болжамға қарағанда, жанкештілер парламент сессиясы басталмай тұрып, депутаттар ғимаратқа жиналған кезде жарылыс жасамақ болған.

Abai.kz

1 пікір

Үздік материалдар

46 - сөз

Тибет қалай Тәуелсіздігінен айырылды?

Бейсенғазы Ұлықбек 2051