Қазақтар көп демалатын 7 мемлекет анықталды
Шакира Әділбекова талғампаз қазақ туристерінің қызмет көрсету сапасы мен әуе тасымалдаушылары беретін қауіпсіздік мәселелеріне ерекше назар аудара бастағанын жеткізді.
Қазақстан Туристік қауымдастығы мен Қонақүйлер мен мейманханалар қауымдастығы директорының орынбасары Шакира Әділбекова талғампаз қазақ туристерінің қызмет көрсету сапасы мен әуе тасымалдаушылары беретін қауіпсіздік мәселелеріне ерекше назар аудара бастағанын жеткізді. Оның айтуынша, қазақтар көп баратын елдер қатарында Азия мен Еуропаның белді мемлекеттері тұрса, керісінше, шетелдіктер Қазақстанның Алматы, Оңтүстік Қазақстан мен Ақмола облыстарының демалу аймақтарына ерекше құмартады екен. Ішкі және сыртқы туризмнің бүгінгі жай-күйі туралы Шакира Әділбекова былай әңгіме өрбітті.
Шакира Әділбекова талғампаз қазақ туристерінің қызмет көрсету сапасы мен әуе тасымалдаушылары беретін қауіпсіздік мәселелеріне ерекше назар аудара бастағанын жеткізді.
Қазақстан Туристік қауымдастығы мен Қонақүйлер мен мейманханалар қауымдастығы директорының орынбасары Шакира Әділбекова талғампаз қазақ туристерінің қызмет көрсету сапасы мен әуе тасымалдаушылары беретін қауіпсіздік мәселелеріне ерекше назар аудара бастағанын жеткізді. Оның айтуынша, қазақтар көп баратын елдер қатарында Азия мен Еуропаның белді мемлекеттері тұрса, керісінше, шетелдіктер Қазақстанның Алматы, Оңтүстік Қазақстан мен Ақмола облыстарының демалу аймақтарына ерекше құмартады екен. Ішкі және сыртқы туризмнің бүгінгі жай-күйі туралы Шакира Әділбекова былай әңгіме өрбітті.
– Жалпы, біздің азаматтарымыз шетелге көп шығады. Әрине, ең алдымен, таңдау Түркияға, оның ішінде, әсіресе, Анталияға түседі. Жыл сайын бұл елге бару деңгейі 16-20 пайызға артып отырады. Мұның себебі де ұғынықты: қол жетімді бағаға сапалы қызметтің көрсетілуі, визасыз жүйе, туроператорлар мен чартер ұстаушылардың көптеген ыңғайлы ұсыныстар жасауы мен ұшу мерзімінің қысқалығы. Қытай, Біріккен Араб Әмірліктерінде ем-дом қабылдайтын, танымдық туризмнен бөлек, шоп-туризм мен жағажай туризмі ерекше дамыған. Біздің туристер Италия, Испания, Францияның жағажайларын ұнатады, бірақ бұл елдерге туристер көптеп бара бермейді, себебі шенген зонасына виза алу оңайға соқпайды. Елшіліктер сыртқа шығу құжаттарын рәсімдеуде жеңілдіктер қарастыратын кездері әрине, сұраныс та күрт артып кетеді.
Күзгі-қысқы бағыттар – теңіз жағалауларындағы суы жылы Таиланд, Малайзия болып отыр.Туристік компаниялардың біраз жылдан бері Хайнань аралдарын ұсынып отырғаны тағы белгілі. Тау-шаңғы тебу ұсынысымен ұштасатын туризм түрі Австрия, Швейцария, Болгарияда дамыған. Төртінші жыл қатарынан біздің нарықта Финляндияның Лапландия өңірі, оның ішінде «Леви» курорты белсенді түрде өз ұсыныстарымен шығып отыр.
Жалпы, сыртқа шығатын негізгі туристік бағыттар мынандай (адамдар саны):
Түркия |
Қытай |
БАӘ |
Таиланд |
Германия |
Қырғызстан |
Үндістан |
||||
2012 жыл |
222 905 |
40 586 |
37 341 |
18 498 |
11 746 |
5 911 |
5 009 |
|||
2011 жыл |
203 663 |
53 331 |
34 844 |
18 359 |
11 062 |
3 262 |
4 396 |
|||
– Бұл арада еріксіз бір сұрақ туындайды: Шетелдік компаниялар жүргізетін чартерлік рейстерге көп ұзамай тыйым салынса, бізде сыртқа шығу бағасы да өсіп кетпей ме? Отандық әуе компаниялары бұл қызметті орындауға дайын ба?
– 2013 жылдың 4 шілдесінде «Қазақстан Республикасының әуе кеңістігін пайдалану мен әуе компанияларының қызметі туралы» заңға тиісті өзгертулер мен толықтырулар енгізілді. Заңның 40-бабы 4-1-тармақшасымен толықтырылған:
«4-1. Егер тиісті талап Қазақстан Республикасының халықаралық келісімшарттарымен белгіленбеген немесе азаматтық авиация саласындағы құзырлы орган беретін рұқсаттармен расталмаса, Қазақстан Республикасының территориясында атқарылатын коммерциялық әуе тасылмалымен байланысты тұрақты емес (бір реттік) халықаралық рейстерді шетелдік эксплуатанттардың азаматтық әуе кемелерімен жүргізуіне жол берілмейді». Қазақстан туристік қауымдастығы Алматыда Көлік және коммуникация министрлігінің Азаматтық авиация комитеті (ААК) мен Индустрия және жаңа технологиялар министрлігінің Туризм индустриясы комитеті (ТИК) өкілдерінің қатысуымен алқалы жиын өткізіп, туристік нарық айтулы заңдағы жаңа толықтырулардан хабардар болды. Аталған өзгерістер мен толықтырулар ресми басылымдарда жарияланып, үстіміздегі жылдың 21 шілдесінен бастап күшіне енуі тиіс еді. Бұл орайда біздің Туристік қауымдастық Үкімет өкілдері, заңгерлер, атап айтсақ, Көлік және коммуникация министрлігінің ААК Индустрия және жаңа технологиялар министрлігінің ТИК өкілдерімен көптеген кездесулер өткізуге ұйытқы болды. Бұл проблемаға байланысты Қазақстан Туристік қауымдастығының директоры Астанаға 5 реттен аса барып, мәселенің оңтайлы шешілуіне атсалысты.
Арнайы хат дайындалып, онда Туристік қауымдастық 2013 жылдың 1 қарашасына дейін туристік нарықтың Қазақстан Республикасының азаматтары алдындағы жауапкершілігін орындауы үшін мерзім берілуінің маңызына ерекше тоқталды.
Бұл өтпелі кезеңнің шағын орта бизнес пен жүздеген қазақстандық туристердің кері жағдайларға душар болмауы үшін аса қажет екені айдан анық еді. Тіпті бұл өтпелі кезең, ең алдымен қазақстандық әуе компанияларына аса қажет. Себебі олар аталған кездесулерде шетелдік әуе тасымалдаушылары атқаратын чартерлік бағдарламаларды орындау үшін өздерінің техникалық мүмкіндіктеріне күмән барын жеткізген еді. Қазақстанның әуе авиациясының алдында әуе паркін жаңалау, ұшу қауіпсіздігі мәселелерін күшейту, әуе борттарындағы қызмет көрсету сапасын арттыру, (ұшқыштарды оқыту мен кәсіби біліктілігін жетілдіру, т.б.) және борттағы тамақ сапасының жақсаруы сияқты мәселелер тұр. Қазіргі турист – шетелді жиі сапарлайтын, тәжірибесі мол азамат. Ол қызмет көрсету сапасы мен әуе тасымалдаушысына артылатын сенімнің маңызын ерекше түсінеді. Туристік қауымдастықтың ұсыныстары жоғарыда айтылған министрліктер тарапынан қолдау тауып, Индустрия және жаңа технологиялар министрлігінің Туризм индустриясы комитеті мен Премьер-министр канцеляриясы заңгерлерінің қолдауымен «Халықаралық тұрақты емес рейстерді – жүзеге асыруға рұқсат беру мен рұқсат бермеуге негіздемелерді реттейтін жалпы ережелерге» толықтырулар мен өзгерістер енгізіліп, чартерлік тасымалдау мерзімін 2013 жылдың 1 қарашасына дейін ұзарту туралы шешім қабылданды.
– Ал ішкі туризмнің жағдайы қалай? Қаншалықты шетелдік туристер Қазақстанға қызығады?
– Қазақстанға сырттан келетін туристердің дені іскерлік туризмге жатады. Конгрестік туризмге адамдар көп келген сайын, мұнда демалатын туристер саны да күрт көбейеді. 2013 жылы іскерлік мақсатпен келген туристердің ең көп барған жерлеріне Алматы, Астана, Атырау, Оңтүстік Қазақстан мен Қарағандының іскерлік және қаржы орталықтары жатса, демалуға көбіне Алматы, Оңтүстік Қазақстан мен Ақмола облыстарына жиі баратындары анықталған.
Шетелдіктер арасында экотуризм ерекше сұранысқа ие. Олар табиғатына әлі де адам қолы тимеген жерлерде демалғанды ұнатады. Мұндай жерлерге Сайрам-Өгем жоталарындағы ұлттық парк, Ақсу-Жабағылы қорығының биік шыңдары, Қаратау қорығының жайлаудағы тау жоталары, ЮНЕСКО-ның әлемдік табиғи мұрасына кіретін Теңіз бен Қорғалжын көлдері, Көкшетау, Алтын Емел, Саты, т.б. ну ормандары мен көл-бұлақтарына ықылас ерекше.
Тиісінше инфрақұрылым да даму үстінде. Бұл салаға кәсіпкерлер аздап ақша құя бастады. Демалу аймақтарындағы үй қожайындары бір-екі бөлмесін туристерге бөлетін болған. Бағалар да аса қымбат емес: үш реттік ас берілетін мұндай қонақ бөлмелерде тұру күніне 4 мың мен 7 мың теңгеге тең. Мұндай баға саясаты шетелдіктерді қызықтырады.
– Әңгімеңізге рақмет!
Сұхбаттасқан * Кәмшат Тасболатова
"Айқын" газеті