Сенбі, 23 Қараша 2024
Билік 2022 12 пікір 11 Қазан, 2023 сағат 16:05

Перуашев Үкіметке: «Нұр-Отанның қателіктерін қайталамаңыздар!

Сайланып алып, өзіне Парламент орынтағына қонжию үшін жолдама берген сайлаушыларының үмітін ақтауды естен шығарып алатын партиялардың барлығын жоққа шығармаймыз. Осы турасында «Ақ жол» демпартиясының төрағасы, Мәжіліс депутаты Азат Перуашевтың фракция атынан сөйлеген сөзінде осы қағидатқа шығарылған үкімінің желі есті.

Азат Перуашев өз партиясының сайлаушылардың өтінімдері бойынша жұмысына қатысты ұстанымын жария етті.  Бизнес пен отандық өндірушілердің партиясы ретінде қолданбалы экономика тұрғысынан шешімін таппаған бірнеше тақырыпты саралап шықты. Енді осы жайында аз-кем сөз етейік.

Халықты толғандырған басты мәселе – бұл инфляция мен баға өсуі болып табылатыны жасырын емес. Осы мәселені қалай шешуге болатынын Мәжіліс депутаты Азат Перуашев тарамдап айтып шықты.

Ұлттық банк бизнес үшін несиелендірудегі базалық мөлшерлемені шарықтатуда не істеу қажет? Бизнесті шығынға батыратын Сауда министрлігі мен әкімдіктер тиісті баға қалыптастыруға мүмкіндік бермеуіне тыйым салу және Үкіметтің қол қусырып, монополистерге тауардың өзіндік құнына кіретін тариф бағасын өсіруге рұқсат беріп қоюшылығының жолын кесу бағытында не істеп, не қойылуы бірінші рет сөз болды.

«Құрметті мемлекеттік органдар, сіздер өзара бір ымыраға келіп, нақты мақсаттарыңыздың қандай екенін анықтап алмайсыздар ма?! Әйтпесе, бұл шырғалаң аққу, шаян һәм шортан мысалынан аумайды. Қазір шынтуайтында сіздер банк олигархтары мен энергетика олигархтарын қолдап отырсыздар. Ал, ақыр аяғында барлығы шағын және орта бизнестің мойнына артылуда, алайда, олар да осы елдің бір бөлшегі», - деді депутат.

«ҚҚС-ты 12-ден 16%-ға дейін көтеру не үшін керек» деп билікті бір түйреп алды Перуашев. Оған қоса, офшорларға қаржысын шығармайтын, яхта мен жеке ұшақ сатып алып, сән-салтанатын паш етпей, тек күнделікті табанды еңбегімен ел экономикасын ілгерілетуге үлес қосушылар үшін несиелерді қазіргі 22-23%-дан тым болмағанда 10-12%-ға дейін төмендетуді ұсынды. «Міне, осы екі мәселеге байланысты ұстанымдарыңыз саботаж ба, сауатсыздық па?», - деп төбеден сілейте соққы жасады.

«Ақ жол» фракциясы осы бағыттағы қол жеткізген жетістігі ретінде өздерінің сауалдарынан кейін Астана, Қостанай мен Қарағандыда мөлшерлемені 4%-дан 2-3%-ға дейін төмендеткенін мақтана атап өтті.

«Ақ жол» демпартиясы рейдерліктің жаңа дерттік құбылыс дендей бастағаны төңірегінде мемлекеттік органдарға дабыл қақты. Мысалға Алматы облысындағы макулатура өңдеу зауыты, Оралдағы «Кублей» ет консервілерінің зауыты, «Солнечный» сүт зауыты, Алматыдағы «Нұртау Темір» ТБӨ зауыты және т.б. орын алған жайтты тілге тиек етті.

Бұдан өзге барлық сайлаушыларды толғандырып отырған капиталдардың қайтарылуы мәселесіне тоқталды. Бұл президент Қ. Тоқаевтың тапсырмасы болатын. Қоғам мен парламент оны бір ауыздан қолдағанын жақсы білеміз.

Оқырмандардың есіне сала кетейік, «Ақ жол» фракциясы барлық фракциялар қатысатын парламенттік тергеу комиссиясын құрып, жұмысының ашықтығы мен жариялылығын қамтамасыз етуді ұсынған болатын.

«Сіздер қайтадан экономикадағы монополияны жасырып жатқан саяси монополияға айналудасыздар. «Нұр-Отанның қателіктерін қайталамаңыздар», - деген Перуашев сөзі қазақ қоғамына ой салуға тиіс.

Abai.kz

12 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1472
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3248
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5434