Сенбі, 12 Сәуір 2025
1440 0 пікір 16 Қазан, 2023 сағат 12:17

Қазақстанда түрік дрондары құрастырылмақ...

Қазақстанда түріктің Anka дрондарын құрастыру келесі жылы басталуы мүмкін. Бұл жөнінде Atameken Business арнасына Turkish Aerospace Industries (TAI) өкілі Эррол Оғыз хабарлады. 

"Біз өндірісті ашып қана қоймай, болашақта Қазақстанның өзі ұшқышсыз аппараттарды өз бетінше шығара алуы үшін тәжірибеміз бен технологиямызды берейік деп отырмыз" деді Эррол Оғыз.

2022 жылы мамырда түріктің мемлекеттік аэроғарыш компаниясы Türk Havacılık ve Uzay Sanayii (TUSAŞ) және "Қазақстан инжиниринг" компаниясы түріктің ANKA дрондарын Қазақстанда өндіруді қарастыратын әріптестік туралы меморандумға қол қойған. Құжат құрастыру линиясын ашып, "Қазақстан инжиниринг" компаниясына еншілес компаниясының базасында Anka дрондарына техникалық қызмет көрсетуді қарастырады.

Anka — 2013 жылы Türk Havacılık ve Uzay Sanayii компаниясының Түркия қарулы күштеріне арнап шығарған дрондар тобына жатады. Түркияның ресми Anadolu агенттігінің хабарлауынша, биыл жыл соңына дейін бұл дрондар кемінде төрт елдің күштік құрылымдарына тасымалданады.

Фото: ашық дереккөзден

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

46 - сөз

Қайраулы қара семсер

Есболат Айдабосын 1808
Анық-қанығы

Еуропаға Ресей аумағынсыз шығу жолы

Асхат Қасенғали 4610
46 - сөз

Бізге беймәлім Барақ хан

Жамбыл Артықбаев 3636