Сенбі, 12 Сәуір 2025
1401 0 пікір 16 Қазан, 2023 сағат 12:33

Илхам Әлиев Таулы Қарабақта Әзірбайжан туын көтерді

Жексенбі күні Илхам Әлиев Таулы Қарабақтың орталығы Ханкенді қаласында (армяндар Степанакерт деп атайды) Әзірбайжан туын көтерді.

Бұдан бөлек Әлиев 19 қыркүйектегі әскери операциядан кейін Бакудың бақылауына өткен аймақтағы Хожалы, Агдер секілді бірқатар елдімекенге де барып, Әзірбайжанның туын көтерді.

Таулы Қарабақ үшін Армения мен Әзірбайжан 1980 жылдың соңынан бері жанжалдасып келген. Негізінен этностық армяндар тұрып келген Таулы Қарабақ автоном облысы Ереванның қолдауымен Әзірбайжанның құрамынан шығып, 1991 жылы өз алдына "Таулы Қарабақ Республикасы" деген ешбір мемлекет мойындамаған "ел" құрып алған.

Содан бері бұл жерде жиі жанжал орын алып келді.

Биыл 19 қыркүйекте Әзірбайжан аймақта "антитеррорлық операция" бастағанын жариялап, оның нәтижесінде Таулы Қарабақтың лидерлері Бакудың талаптарына келісіп, бағынған.

Содан бері Таулы Қарабақта тұрып келген 120 мыңдай этнос армянның жүз мыңнан астамы Армения жеріне қоныс аударды.

"Таулы Қарабақ республикасының" лидері Самвел Шахраманян 2024 жылдың 1 қаңтарынан бастап ешбір мемлекет танымаған "елді" жою және ондағы мекемелерді тарқату туралы бұйрыққа қол қойған.

Дереккөз: centralasian

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

46 - сөз

Қайраулы қара семсер

Есболат Айдабосын 1808
Анық-қанығы

Еуропаға Ресей аумағынсыз шығу жолы

Асхат Қасенғали 4610
46 - сөз

Бізге беймәлім Барақ хан

Жамбыл Артықбаев 3636