Сенбі, 23 Қараша 2024
Анық-қанығы 2289 1 пікір 23 Қазан, 2023 сағат 14:39

Боранбаевтың бостандығының құны қанша?

Сурет әлеуметтік желіден алынды

Елбасизмнің бизнес серкесі Кайрат Боранбаевтың басына іс 2022 жылдың наурызында түсіп, «мұнай газ сатып алуда бағаны төмендетті және заңдастыруда айла-шарғыға барып, 14,5 млрд теңге жымқырды» деген айыппен сот ісі сол жылдың желтоқсанында басталған болатын.

Бірақ басынан бағы тайған магнат өзіне қанша жерден шаң жуытқысы келмесе де, тергеу оның қылмысын дәлелдеп, бір жылдан кейін, яғни, 2023 жылы Боранбаев кінәлі деп табылып, мал-мүлкі тәрікіленіп, сыбайластары, атап айтсақ: «АзияГазЧунджадағы» жемтіктесі Роман Наханов «Qazaq Gaz-дағы» серігі Тайыр Жанұзақтармен бірге 8 жылға бас бостандығынан айырылған болатын. Бұл сот кесімі – Қайрат үшін 6 жыл болып бекігендігін жақсы білеміз.

Біздің сайт Кайрат Боранбаевтың жегенін қалай құсқанын бұған дейін толықтай жазып, бірнеше материал жариялаған болатын. Енді ресми тергеуде көрсетілгендерін тізе кетейік:

Алматыдағы жер телімі бар құны 686 млн теңге болатын аль-Фараби көшесінде 77/7-1 орналасқан коммерциялық ғиарат;

Халық банкдегі 1 млрд 270 млн 190 мың теңгелік салымы;

Тап осы банкідегі түрлі шоттардағы 5 млн 685 мың 727 доллары, 1 млн 170 мың 329 доллары, 755 млн 859 мың 601 теңгесі, 193 млн 170 мың 137 теңгесі тәркіленді.

Табиғи газды импорттаған кезде жымқыру фактісі бойынша келтірген материалдық зияны үшін 14,5 миллиарда теңгенің орнын толтырды.

Өз еркімен мемлекетке 90 миллиардов теңгенің активін қайтарды.

Ресми дерек бойынша, Ақмола облысының Зеренді аудандық соты айыпкер мемлекетке келтірген шығынын толық төлегені және тергеу барысында бүкпесіз әрекет еткені үшін әрі жасаған қылмысына өкінетіндігін негізге ала отырып, Қайраттың өтемеген жаза мерзімін бостандығын шектеумен алмастырған Үкім шығарды.

Аталған Үкім шыққан күнінен бастап күшіне енді.

Осылайша Елбасизм кезінде дәурені жүрген бір серкенің басынан өткен қиямет көпір өз мәресіне жетті. Енді мәресіне жетпегендердің ісі қанша...

Abai.kz

1 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1466
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3241
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5387