Сенбі, 23 Қараша 2024
Әне, көрдің бе? 4953 4 пікір 19 Қазан, 2023 сағат 15:56

Боранбаевтың байлығы құмға сіңген суға айнала бастады

«Айран ішкен құтылып, шелек жалаған тұтылдының» кері Қайрат Боранбаевтың басына түсіп, Елбасизм кезінде жиған-тергені құмға сіңген суға айнала бастады.

Назарбаев дәуірінде билік Боранбаевтың басынан сыйпап, ауызан ақ май ағызған еді. Жаңа билік түрменің қара суына Қайрекеңді зар қылатын сияқты.

Биыл Қайрат Боранбаев материалды шығынның өтеуі ретінде маусым айында 14,5 млрд теңгені мемлекетке қайтсарса, араға 3-4 ай салып, 14 қыркүйекте мемлекеттік активке 90 млрд теңге қайырып, тағы да 30 млрд теңгені Инфрақұрылым түзуді қолдау Қорының алақанына салып берді.

Араға тағы да араға ай өтпей, жығылған үстіне жұдырық дегендейін, үш күн қатарынан қан құсты десек те болады. Әуелі 16 қазанда құны 1,4 млрд теңгелік Comfort Hotel Astana қонақ үйін мемлекет қарауына қолынан берсе, Кайрат Боранбаев келесі күні жамбасына басқан, шетелге жытыртқан 30 млрд теңгесін Инфрақұрылым түзуді қолдау Қорыны аударып беріп, жер шұқып қалды.

Ақырғы қаралы күн 18 қазанда Кайрат Боранбаевқа оңайға соқпады. Бауыр етіндей болған жиған-тергендері Алматыдағы «Алмалы» ССҮ, Unity Hall ЖШС және жалпы құн 33,75 млрд теңге тұратын 11 мың шаршы метр жерді алып жатқан «Алматы Тауэрс» бизнес-орталығы нысаны қолынан сусып, мемлекетке Астана, Алматы және Қостанайдағы Fitnation фитнес-клубтар желісі қайтарылды.

Осылайша Елбасизм кезінде дәурені жүргендердің басына қара бұлт төнгенін Кайрат Боранбаевтың тірлігінен көруге болады.

Abai.kz

4 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1470
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3245
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5406