Сенбі, 23 Қараша 2024
Айбын 2018 7 пікір 25 Қазан, 2023 сағат 13:18

Патриотизм – әрбір жүректе жалындап тұруы керек!

Биыл еліміз Республика күнін тойлайды. Елдігімізді айғақтайтын ұлттық мереке деген статусқа ие болды. Республика күнінің мәні мен еліміздегі патриотизм жайлы Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, филология ғылымдарының кандидаты, әдебиеттанушы Тұрдығұл Шаңбайдың пікірін назарларыңызға ұсынамыз.

Тұрдығұл Шаңбай, Әдебиеттанушы:

- Республика күні- бұл үлкен мереке. Естеріңізде болса былтыр Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев алғаш рет құттықтауында бұл мерекені- жаңарған ұлттық мереке деп атаған. Бұл мерекенің қайта айналып келгенін білеміз. Шындығында біздің еліміз үшін, жеріміз мен ұрпағымыз үшін өте маңызды мереке. 1990 жылы 25 қазанда еліміздің егемендігі туралы декларация қабылданды. Қазақстан Республикасының бұл үлкен ұлттық мерекесі. Шынтуайтында, Қазақстан Республикасы не дегенде? Қазақстан Республикасы бұл-субстанция. Әлемде бар ел- қазақ елі деген ел. Егер де, ондай ел бар болса, онда біздің де бар екеніміз рас. Барлық пәлсафасы деген түсінік бар. Ол-антология. Шәкәрім «барлық таласы» дейді. Яғни бар болу үшін талас деген сөз. Сол үшін күрес. Сондықтан да елдің елдігін сақтау патриотизмнің нағыз биік өлшемінде дер едім. Әлсіз болсаң жоғаласың. Жоқтың елі де жоқ. Сондықтан Қазақстан Республикасының – Республика күнін тойлау ол заңды құбылыс деп есептеймін. Сол үшін де бұл мерекенің мәні өте зор. Біртұтас отандастарды Республика күнімен құттықтаймын. Қазақ елі қуатты ел болсын деген тілек айтамын. Патриотизм деген – әрбір азаматтың еліне, жеріне, Отанына, тіпті жанұясына деген махаббаты. Біз патриотпыз деп жалған ұрандатып, кері істер жасайтындардан аулақ болуымыз керек. Ұлттық киімімізді дәріптесек, салт-дәстүрімізді насихаттап, ана тілімізді қорғасақ.  Қазақ еліміз мен жеріміз үшін бір бүйрегіміз бұрылып тұрса. Осыларды патриот деп ұғынатындар бар. Сондықтан патриотизмді әрбір адам жанымен қалауы керек. Ол еліңе деген сүйіспеншілігің. Әрдайым Отаныңды биікке қоюың. Біз қазақ деген ар мен намысты ту еткен халықпыз. Жастарымыздың бойында ең алдымен намыс оты жалындап тұруы керек. Ата- бабаларымыздың  ғасырлар бойы аңсаған тәуелсіздікке ұрпақтары жетті, жаңа заманда қайта туған еліміз егемендігін алды, туған жерде бабалардың арман-мұраты орындалды.

«Ұлым дейтін ел болмаса, елім дейтін ұл қайдан тусын» деген халық даналығының өзінде үлкен мән мен тәрбие жатыр. Елін сүйетін, Отанын қызғыштай қорғайтын, туған жеріне  қызмет ететін ұрпақты тәрбиелеу жолында игі жұмыстар жүзеге асырылып келеді. Жас ұрпақтың бойына патриоттық сезімді ұялатып, Отаны үшін барын салатын болашаққа бағдар ұсыну, оларға тәлім тәрбие мен үлгі-өнеге көрсету  біз секілді аға буын өкілдерінің  борышы деп білемін. Қазақстан деп аталатын бір шаңырақтың астанда тұратын әрбір адам, елі үші, жері үшін еш аянбауы керек.

Патриотизм ең алдымен өзіңнен  басталады. Дана халқымыз отанды сүйюді, руханилық мәдениет пен дәстүрімізді, таным түсінігімізді қастерлеуді  ту еткен. Біз қазақ деген дархан даланың төсінде еркіндікте еркін жүзген халықтың ұрпағымыз. Патриотизм- әрбіріміздің кеудемізде жалындап тұруы керек.  Өзінің дара жолымен алға қарай жылжып келе жатқан елміз. Осы жолда жастарымызды патриоттыққа тәрбиелеудің, оларға үлгі болудың мәні зор.

Abai.kz

7 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1465
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3233
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5357