Жексенбі, 22 Желтоқсан 2024
Жаңалықтар 6947 0 пікір 30 Тамыз, 2013 сағат 13:21

Есбол Өміржанов. Сәкен Өзбекұлының алғашқы Конституция жобасы

30 тамыз – Конституциясы күні

 

  • Қазақстан Республикасының алғашқы конституциясы мемлекет Тәуелсіздігі жарияланғаннан соң, екі жылдан кейін 1993 жылы 28 қаңтарда қабылданды.
  • Бұл конституцияда мемлекеттік басқару түрі – парламенттік формада болады деп көрсетілген. Ал, Конституциялық сот – сот билігінің ең жоғары бұтағы ретінде қаралып, конституцияны қорғаудың кепілі болды.
  • Алғашқы конституция екі-ақ жыл қолданыста болып, өз қызметін тоқтатты. Қазіргі яғни, екінші конституция 1995 жылы 30 тамыз күні жалпыхалықтық Референдум негізінде қабылданды және 5 қыркүйекте өз күшіне енді. Конституция 9 тараудан, 98 баптан тұрады.
  • 1995 жылы жалпыхалықтық Референдум негізінде қабылданған Конституцияның 18 жыл ішінде 98 бабының 34-і пункті, 341 тармақтың 91-і пункті өзгерген. Соның ішінде Конституцияның негізгі және тіректі, келелі мәселелері мен Президенттің, Парламенттің өкілеттіліктері туралы баптарына көптеген өзгертулер мен толықтырулар енгізілген.

Abai.kz

 

 

30 тамыз – Конституциясы күні

 

  • Қазақстан Республикасының алғашқы конституциясы мемлекет Тәуелсіздігі жарияланғаннан соң, екі жылдан кейін 1993 жылы 28 қаңтарда қабылданды.
  • Бұл конституцияда мемлекеттік басқару түрі – парламенттік формада болады деп көрсетілген. Ал, Конституциялық сот – сот билігінің ең жоғары бұтағы ретінде қаралып, конституцияны қорғаудың кепілі болды.
  • Алғашқы конституция екі-ақ жыл қолданыста болып, өз қызметін тоқтатты. Қазіргі яғни, екінші конституция 1995 жылы 30 тамыз күні жалпыхалықтық Референдум негізінде қабылданды және 5 қыркүйекте өз күшіне енді. Конституция 9 тараудан, 98 баптан тұрады.
  • 1995 жылы жалпыхалықтық Референдум негізінде қабылданған Конституцияның 18 жыл ішінде 98 бабының 34-і пункті, 341 тармақтың 91-і пункті өзгерген. Соның ішінде Конституцияның негізгі және тіректі, келелі мәселелері мен Президенттің, Парламенттің өкілеттіліктері туралы баптарына көптеген өзгертулер мен толықтырулар енгізілген.

Abai.kz

 

 

Есбол Өміржанов. Сәкен Өзбекұлының алғашқы Конституция жобасы

Еліміздегі конституционализм тарихында 1991 жылдың қаңтарында «Азат» газетінің №1 санында жарияланған ғалым Сәкен Өзбекұлы жасаған Қазақ Республикасының Конституциясы жобасының алар орны ерекше. Мемлекетіміз тәуелсіздікті өз қолына алмастан бұрын, ұсынылған бұл жобада қазақ елінің болашағы қай бағытта өрбуіне қатысты келелі идеялар ұсынылған еді.

Құрылымы жағынан Конституция жобасы Преамбуладан, 7 тараудан және 91 баптан тұрады: бірінші тарау – Қазақ Республикасының мемлекеттік егемендігі туралы, екінші тарау – Қазақ Республикасы азаматтарының хұқықтары мен міндеттері, үшінші тарау – Ұлттық мәжіліс, төртінші тарау – Қазақ Республикасының Президенті, бесінші тарау – Қазақ Республикасының Министрлер кабинеті, алтыншы тарау – Сот билігі, жетінші тарау — Прокуратура деп аталады.

Жоба авторы қазақ жерін көптеген ұлт өкілдері мекендейтіндігін ескере отырып, конституция жобасының 1 бабын «Қазақ республикасы – тәуелсіз демократиялық ұлттық мемлекет», ал 3 бабын «Қазақ республикасының мемлекеттік егемендігі қазақ ұлтының және республиканы мекен ететін барлық ұлт өкілдерінің қолында» деген мәтінде береді. Осы жерде мән беруді талап ететін тағы бір мәселе — мемлекет атауы. Жоба авторы мемлекетті «Қазақ республикасы» деп атаған, яғни бұл —мемлекеттің қазақ ұлтының мемлекеті екендігін нақтылай түсетін атау. Мемлекетті сол мемлекеттің негізін құрап отырған ұлттың атауымен атау да сол ұлттың мемлекет даму жолында мүдделілігін арттыра түседі және басқа ұлттарға деген ағалық, қамқорлық сезімін оятары сөзсіз.

Конституцияның бұл жобасы жөнінде сөз қозғағанда бүгінгі күні шешімін таба алмай жүрген қордалы мәселелердің негізгісі тіл туралы айту өте орынды. Конституцияның Сәкен Өзбекұлы ұсынған жобасының 4 бабы Қазақ республикасының мемлекеттік тілінің тек қазақ тілі екендігін бекітеді. Мұнда автор Қазақстан халқының сан алуандығына емес, ортақ ұғынысу тілінің қажеттілігіне мән береді және әр азаматтың мемлекеттік тілді меңгеруінің ол үшін қасиетті борыш екендігін алдыға тартады. Бұл жерден түйін жасайтын мәселе, егер мемлекет мүдделі болмаса, мемлекеттік тіл үйренуге тіпті 100 жыл уақыт берілсе де шешілмейтін мәселе күйінде қала береді. Сондықтан да баламасы жоқ мемлекеттік тілдің мәртебесін Ата Заңға өзгерту енгізу арқылы нақты бекіту уақыт талабы болып отыр.

Жобаның 12 бабына сәйкес, Қазақ республи-касының заңдары жергілікті халықтың дәстүрі, әдет-ғұрпы мен демографиялық ерекшеліктері негізінде қабылданады. Қазақстан көпұлтты мемлекет болғандықтан, біз осы уақытқа дейін ұлттық заңдар қабылдаған жоқпыз. Осы бір осал тұстардың әсерінен ұлттық сипатымызды ерекшелей түсетін және ата-бабамыз негізін қалаған құқық нормалары мемлекеттік заңдарға негіз бола алмады. Енді ғана, қазақ ұлты жалпы халықтың алпыс төрт пайызын құраған кезде, осы мәселені заң шығарушы органның күн тәртібіне қоятын уақыт туып отыр.

Осы жобада С.Өзбекұлы алғаш рет мемлекеттің заң шығарушы органына Ұлттық Мәжіліс атауын берген. Жобаның 43 бабына сәйкес, Қазақ республикасында мемлекеттік өкіметтің жоғарғы және тек жалғыз заң шығаратын органы Ұлттық Мәжіліс болып табылады. Автор жоғарғы заң шығарушы органды бір палаталы және жылына екі рет шақырылатын ескі кеңестік типтегі Жоғарғы Кеңес үлгісінде ұсынған. Сол кезеңдегі мемлекетте қалыптасқан экономикалық жағдайды ескерген ғалым, Жоғарғы Кеңестің мемлекет қазынасына ауыр болмауына мән берген. Кейіннен парламенттің тұрақты жұмыс істеуіне оң пікірде болғанымен, унитарлық мемлекетте тек бір палатадан тұратын парламент құрудың жеткілікті екендігін ғалым өмірінің соңына дейін айтып жүрді.

Автор мемлекетте парламенттік билікті ұсынған, жобада атқару билігінің басшысы болып президент танылады және ондағы 65 бапқа сәйкес өзінің бар-лық мемлекеттік қызметі туралы Ұлттық Мәжілісте есеп беріп отырады.

Жобаның 66 бабына сәйкес республика президен-ті жанынан кеңесші және әкімшілік басқарушы орган – Мемлекеттік алқа құрылады. Оның құрамына вице-президент, премьер-министр және президенттің өзі тағайындаған экономика, право, мәдениет саласы-ның мамандары кіреді. Сонымен қатар, Мемлекет-тік алқа мүшелері Президенттің тапсырмасы бойынша шешім қабылдап, президентке баяндау-ға хақылы. Республика президенті Мемлекеттік алқа мүшелерінің жасаған қорытындысын ескере отырып, өз атынан тиісті шараларды белгілейді. Дәл осы мемлекеттік алқа құру идеясы көршілес Ресей мемлекетінде тиімді жолмен іске асырылуда.

Жалпы алғанда, ұлттық мүдде ескеріле жазыл-ған конституция жобасында орын алған идеялар болашақта да мемлекет үшін өз пайдасын тигізе жатар деген үміттеміз.

Abai.kz

Конституцияға қатысты мақалаларды төмендегі сілтемелерден оқи аласыздар:

Барлыбек Сыртанов. Қазақ елінің уставы
http://old.abai.kz/node/4666 
Әміржан ҚОСАНОВ. АТА ЗАҢНЫҢ АХИЛЛЕС ӨКШЕСІ
http://old.abai.kz/content/emirzhan-kosanov-ata-zannyn-akhilles-okshesi
Мұхан Исахан. Ата заңымыз Алашты ұшпаққа шығарса игі!
http://old.abai.kz/content/mykhan-isakhan-ata-zanymyz-alashty-yshpakka-shygarsa-igi 
Мұрат Насимов. Ата заң – тұрақтылық пен патриотизмнің іргетасы
http://old.abai.kz/node/14666

0 пікір

Үздік материалдар

46 - сөз

Тибет қалай Тәуелсіздігінен айырылды?

Бейсенғазы Ұлықбек 1965