Жарылқаптың жазығы не?
«Жұлдыздар отбасы» және «Аңыз адам» журналдарының бас редакторы әм құрылтайшысы Жарылқап Қалыбайұлының Қазақ аспанында әуежолы қызметін пайдаланатын ресейлік «SCAT» компаниясының қызметкерімен қырбайласып қалғаны туралы оқырманды хабардар еткенбіз http://old.abai.kz/node/40252 . Бүгін Алматы қаласындағы Рысқұлов пен Лобаечвский көшелерінің қиылысындағы уақытша қамау мекемесінде жатқан Жарылқап Қалыбайұлының қал-жағдайын сұрап, қақын дауалап баспасөз өкілдері: тележурналистер (Хабар мен «Қазақстан» ұлттық телеаранасынан өзгесі), газет тілшілері, эстрада әншілері барды. Олардың қатарында әрине, қоғам белсенділері де болды. Сондай қоғам белсендісінің бірі Ермек Нарымбаев кері шағым жазып, оны түрме бастығы қамаудағы Қалыбайұлының қолына табыс етуге уәде берген. Жарылқап мырза заң, құқық мәселесін жақсы білетін Нарымбаевтың кеңесіне сүйеніп, кері шағымға қолын қоймақ. Демек, сот көпшілік сұранысындағы белгілі журналдардың бас редакторы тарапынан түскен шағым хатты қаперге алып, «SCAT» компаниясының жолаушыға дөрекілік жасағанымен шектелмей, айыпқа жыққан артық әрекетін заң безбеніне салып, дұрыс шешім шығаруы керек.

Сондай-ақ бүгін «Скат» әуекомпаниясы Жарылғап Қалыбайдың мәселесіне қатысты мәлімдеме таратты. Тек қана орыс тілінде ақпарат тарататын zakon.kz сайты «Скат» әуекомпаниясының PR-қызметінің бастығы Виктор Ульяновтың айтқандарын жария еткен. Оның сөзіне қарағанда, Жарылғап Қалыбайдың бір аяғы ұшақтың адамдар жүретін жеріне шығып тұрған. Бұл жолсеріктердің жүріс-тұрысына бөгет болған. Жолсеріктердің бірі Жарылғап мырзаға орысша ескерту жасаған. Журнал редакторы да өз кезегінде жолсерікке орысша ескерту жасамауын айтқан. Іле жолсерік ескертуді қазақша айтқан.
- Ол кісі мас болған. Жолсеріктер әуежайға қонған соң, қауіпсіздік қызметіне хабарлайтындарын айтқан кезде ол тілдік мәселеге жабысқан. Жолаушылардан болған оқиғаға орай куәгерлер ретінде қол жинай бастағанда Жарылғап мырза жолсерік қыздардың қолын бұраған. Ұшақ қонған соң, Жарылғап Қалыбайды ІІБ-на алып кеткен. Медициналық тексеру барысында оның қанының құрамында алькоголь бар екені дәлелдеген-депті Виктор Ульянов
Естеріңізге сала кетейік, 2013 жылы 29 қаңтарда сағат 13.00 шамасында Алматы қаласының әуежайына 5 шақырым жетпей «Көкшетау-Алматы» бағытында «SCAT» әуекомпаниясы» АҚ-ның №760 авиарейсін орындаушы «Challenger-200» ұшағы апатқа ұшырап, 20 адам көз жұмған еді. Аталған компания содан кейін де жұмысын тоқтатпай жалғастыра берген.
«Жарылқап Қалыбайұлын қамауда қалдырмаймыз, - деп тарасты достары. Әншейінде әлеуметтік әм ұлттық мәселелерден бойын аулақ ұстайтын әншілердің өзі «баспасөз мәслихатын ұйымдастырамыз, Жарылқаптың басындағы жайды жұртқа жария етеміз, Жарылқаптың жазығы не?!.» десті. Баспасөз мәслихатын ұйымдастыруды әнші Нұрлан Албан өз міндетіне алды.
Abai.kz