Қазақ эстрада артистері Одағы: Үндеу
ЖАҢА ОДАҚ ТҰҢҒЫШ ҚҰРЫЛТАЙЫН ӨТКІЗДІ
Елімізде тұңғыш рет өнер қайраткерлерінің бастамасымен жаңадан құрылған Қазақстан эстрада артистері одағы Бірінші Құрылтайын өткізіп, тұсаукесер рәсімін жасады. Одақтың алқа төрағасы болып, профессор Бауыржан Ибрагимовты сайлады. Бұл туралы Одақтың баспасөз қызметі арнайы мәлімет таратып отыр.
Құрылтай сахна өнеріндегі ең күрделі де жауапты аталмыш сала, әзіл-сықақ театрлары өзіндік ерекшеліктерімен даралана алмай бірін бірі қайталауға, тар шеңбердегі ұсақ тақырыптардың аясын шиырлауға, анекдоттың деңгейіндегі дүниелерді, мән-мағнынасыз жазылған мәтін мен жеңіл-желпі әуенді сахнаға алып шығып, жұртты мезі етуге дейін барғанын сынға алды. Көрерменнің әзіл-сықақ қойылымдарға шөліркеген сұраныстарын пайдаланып арзанқол туындылармен бизнес жасауды көздеудің салдарынан өнердің қадірін қашыруға, абыройын төмендетуге болмайтынын мәлімдеді. Мұның бәрі айналып келгенде эстрада өнерінің салмағын тым жеңілдететін кері фактор, халық арасында беделін төмендетуге дейін әкелетін қауіпті құбылыс деп танылды. Оның сыртында, өзін өзі қаржыландыратын жекеменшік театрлардың материалдық базасының төмендігі, сахналық қойылымдарға дайындалу мүмкіндіктерінің аздығы және авторлармен байланыстың жоқтығы кері ықпал етіп отырғанын ортаға салды.
ЖАҢА ОДАҚ ТҰҢҒЫШ ҚҰРЫЛТАЙЫН ӨТКІЗДІ
Елімізде тұңғыш рет өнер қайраткерлерінің бастамасымен жаңадан құрылған Қазақстан эстрада артистері одағы Бірінші Құрылтайын өткізіп, тұсаукесер рәсімін жасады. Одақтың алқа төрағасы болып, профессор Бауыржан Ибрагимовты сайлады. Бұл туралы Одақтың баспасөз қызметі арнайы мәлімет таратып отыр.
Құрылтай сахна өнеріндегі ең күрделі де жауапты аталмыш сала, әзіл-сықақ театрлары өзіндік ерекшеліктерімен даралана алмай бірін бірі қайталауға, тар шеңбердегі ұсақ тақырыптардың аясын шиырлауға, анекдоттың деңгейіндегі дүниелерді, мән-мағнынасыз жазылған мәтін мен жеңіл-желпі әуенді сахнаға алып шығып, жұртты мезі етуге дейін барғанын сынға алды. Көрерменнің әзіл-сықақ қойылымдарға шөліркеген сұраныстарын пайдаланып арзанқол туындылармен бизнес жасауды көздеудің салдарынан өнердің қадірін қашыруға, абыройын төмендетуге болмайтынын мәлімдеді. Мұның бәрі айналып келгенде эстрада өнерінің салмағын тым жеңілдететін кері фактор, халық арасында беделін төмендетуге дейін әкелетін қауіпті құбылыс деп танылды. Оның сыртында, өзін өзі қаржыландыратын жекеменшік театрлардың материалдық базасының төмендігі, сахналық қойылымдарға дайындалу мүмкіндіктерінің аздығы және авторлармен байланыстың жоқтығы кері ықпал етіп отырғанын ортаға салды.
Әзіл-сықақ театрларының, шығармашылық ұжымдардың жұмыстарын жүйелеп, сапалық жаңа сатыға көтеріп, бағыттайтын, кәсіби шеберліктерін ұдайы шыңдап, жетілідіріп отыратын мықты тетік–Қазақстан эстрада артистерінің одағы деп тапты. Ең бергісін айтқанда, эстрада артистерінің халыққа көрсеткен қалтқысыз еңбектері уақытында бағаланбайды. Осы салаға тер төгіп жүрген талантты артистер мәртебелі сыйлықтар мен атақтарды алу былай тұрсын, тіпті ұсынылмай қалып жатады. Себебі, осыған дейін олардың мүддесін қорғайтын ресми ұйым болмады. Біз осы олқылықтардың орнын толтыруды көздейміз – деді, Одақ төрағасы Бауыржан Ибрагимов өз сөзінде.
Осылайша қазақ эстрадасын жаңа сатыға көтеріп, оған кәсіби тұрғыдан бетбұрыс жасап, шеберлігін арттыра отырып, саланы әлемдік деңгейге көтеруді көздейтін жаңа Одақтың құрылтай жиыны мен тұсаукесер рәсімі үстіміздегі жылдың қыркүйек айының 5-6 күндері сәтті өтті. Құрылтай күндеріндегі барлық ресми және мәдени іс-шараларға, біріккен қойылым концерттерге еліміздің танымал мәдениет қайраткерлері, әзіл-сықақ театр ұжымдары қатысып, өнер көрсетеді. Тұсаукесерге Ресейден «Кривое зеркало» және Өзбекстан, Қырғыз елінен әріптестер келіп қатысты. Сонымен қатар салмақты-салиқалы, шығармашылық-іскерлік пікірталастар тыңдалып ортаға салынды.
Жаңа одақтың төрағасы өз сөзінде, қазақ эстрадасының дербес театрын құрып, оның мемлекеттік мәртебе алуына қолғабыс жасауды мақсат етіп отырған, арнайы студия мектебін, «Қазақ эстрадасы» атты мәдени-публицистикалық айлық журнал, «Әзіл ТВ» арнасын, киностудиясын, продюсерлік орталығын, клоунада пантомима, пародия және қуыршақ театрын құрып, халыққа сапалы әрі биік деңгейдегі шоу бағдарламалармен қызмет көрсететінін журналистерге хабарлады.
Жаңа одақтың игілікті істеріне қалың көрермен тарапынан әрдайым қолдау көрсетілетіндігіне баспасөз мәслихатын өткізушілер сенімді. Сонымен қатар еліміздің телеарналарына да сапалы шоу бағдарламалардың көбеюіне де ықпал етпек. Астанада жыл сайын фестивал өткізіп, дәстүрге айналатындығын Одақ алқасы мәлімдеп отыр.
Құрылтайға қатысушылар төмендегі арнайы арнайы Үндеуді қабылдады.
ҮНДЕУ
Қазақ эстрада артистері Одағының
тұңғыш құрылтайына қатысушылар
Ардақты өнер сүйер қауым!
Адамзат қазіргі таңда қоғамдық даму мен әлеуметтік-мәдени прогрестің жаңа кезеңіне көтеріліп отыр. Дарын-қабілет пен шығармашылық ойдың қоғамда атқаратын рөлі артып, өнер мен ғылым туындылары экономикалық өсудің маңызды факторына, елеулі ресурсына айналды.
Ақыл-ойға, дарын-қабілетке, сапалы білімге негізделген «менеджмент», «экономика» және «қоғам» деген іргелі ұғымдар пайда болып, өмірге жолдама алып жатыр. Әлем елдерінің бәсекеге қабілеттілігі адам саны, жер көлемі, табиғи байлықтың мөлшері секілді көрсеткіштермен емес, керісінше, білім-дарын, рухани әлеуетке негізделген ішкі мүмкіндіктерін қаншалықты жөнімен пайдаланып отырғандығымен айқындалатын болды.
Дүниежүзін қамтыған жаһандану үрдісі ғаламды жаппай қамтыған қазіргідей алмағайып заманда тәуелсіздікке енді ғана қол жеткізген дамушы елдер үшін бір жағынан, әлем көшіне ілесіп, иық тірестіру, екінші жағынан, ұлттық салт-сана мен ерекшелігін сақтай отырып, өзгелерден даралану қажеттілігі туып отыр. Мұндай жауапты міндетті абыроймен атқаруға эстрада өнері де қомақты үлес қоса алады.
Жалпы, адамзат мәдениеті – белгілі бір ел мен ұлттың тарих сахнасынан өшіп кетпеуінің кепілі мен негізі әрі оның қауіпсіздігін қамтамасыз ететін айырықша нысаны. Бүгінгі дәуірде қоғамдық өрлеу мен экономикалық дамудың өлшемі бұрынғыдан күрт өзгерді. Даму үдерісі бір ғана экономиканың өсімі арқылы емес, ел тұрғындарын рухани-моралдық, әдет-ғұрып, ақыл-ой, жан-тән жағынан таза ғұмыр кешуіне қаншалықты жағдай жасай алғандығымен айқындалатын болды.
Елдің тұрақты дамуының төрт негізінің бірі ретінде қоғамдық, экономикалық, экологиялық фактормен бірге мәдениет пен өнер де қатар аталатын болды. Өнер мен мәдениет мазмұны жағынан келгенде адам баласының білімін, қабілетін, тәжірибесін, тұрмыстық болмысын, қарым-қатынастағы артықшылығын, адами құндылығын, бостандығы мен бақыттылығын айқындаушы күшке айналды.
Адамзат қоғамының ең басты әрі ортақ құндылығы болып табылатын әділеттік, мейірімділік, сұлулық, махаббат, сыйластық сезімі мәдениет пен өнердің түп негізін қалыптастыратындығын ескерсек, айнала әлемді шығармашылық иелері біз ғана бар бітім-болмысымен немесе көркемдік бейнелеу құралдармен, шешен сөзбен, әсем әуенмен, астарлы әзілмен, тәтті күймен көңілге қондырып, мамыржай тірлік пен берекелі өмір қалыптастыра аламыз. Осының өзінен-ақ, мәдениет пен өнердің адам іс әрекетінде араласпайтын саласы болмайтындығын аңғаруға болады. Олай болса, қазіргі заман өнері адамзат қоғамының лайықты дамып, орнығуының ықпалды күші болумен қатар әрбір елдің әлеуметтік-экономикалық дамуының мазмұнын анықтайтын, оның нәтижесінің басты өлшеміне айналып отыр.
Өнер туындылары қоғамды сауықтыруға, бұқара халықтың көңілін тазартуға, игілікті іс атаулыны қолдап, имандылық пен адамгершілікті орнықтыруға қызмет етумен қатар рухани сұранысты өтейтіндігімен экономикалық зор міндет атқарады. Сондықтан, эстрадалық өнер ұжымдары, шығармашылық туындыгерлер нарықтық экономиканың айналымына сай келетін, көрермен қауымның сұранысы мен қажеттілігін қанағаттандыратын қойылымдар мен туындылар ұсына білуге тиіспіз. Ол үшін сала артистерінен экономикалық, бизнес, менеджмент, маркетингтік біліктілік талап етіліп отыр. Оған Қазақстан эстрада артистерінің одағы ғана кәсіби ұйым ретінде қолдау мен көмек көрсете алады.
Адам баласының шығармашылық ой-идеясының, біліктілігі мен шеберлігінің, дарын-қабілетінің арқасында қоғамда санаткерлік меншік пайда болады. Сахна және экран, эфир өнері, сазды әуен, жарнама, баспасөз саласында эстрада туындыгерлерінің авторлық құқтарын қорғау, еңбектерінің лайықты бағалануына Одақ өз тарапынан әрдайым қолдау көрсетіп, мүшелерінің мүддесін қорғайтын болады.
Одақтың тұңғыш құрылтайында жасалған баяндама мен ұсыныс-пікірлерді негізге ала отырып, қазақ эстрада артистері мен шығармашылық ұжымдарын ынтымақтаса еңбек етуге шақырамыз. Эстрада өнерін ұлттық нақышқа сай қазіргі заманның сұранысына лайықтап дамыту үшін мемлекеттік мәртебесі бар кәсіби театрдың құрылып, халыққа қызмет көрсетуін қолдайық!
Әзіл-сықақ театрларының, шығармашылық ұжымдардың жұмыстарын жүйелеп, сапалық жаңа сатыға көтеріп, бағыттайтын, кәсіби шеберліктерін ұдайы шыңдап, жетілдіріп отыратын бірден бір тетік–Қазақстан эстрада артистерінің одағы деп білеміз. Еліміздің телеарналарында сапалы шоу бағдарламалардың көбеюіне ықпал ете отырып, Астанада жыл сайын фестивал өткізіп, оны дәстүрге айналдыру Одақ алқасының басты назарында болады.
Қазақ эстрада өнерін дамытуға үлес қосып жүрген әр шығармашылық ұжымның іс қызметі меншік нысандарына қарамастан қоғам өміріне игілікті үрдістерді қалыптастыруға, көрермен қауымға әрдайым жағымды пікір мен сый-құрмет, ізгілікті ой қалдыруға тиіс. Біздің әр қойылымдарымызды таңдай қағып, тамашалаған жұртшылықты әрдайым «жаманнан жиіреніп, жақсыдан үйренуге», ұлтымыздың сарқылмас рухани құндылықтарынан нәр алуға, тарихи кезеңдердегі аға буынның жасампаз істерінен үлгі-өнеге алуға, қазіргі танымал өнер қайраткерлерін мақтан тұтуға, тәуелсіз еліміздің кемел келешегіне зор сенім артуға шақырамыз!
Астана қаласы
Abai.kz