«ТуркуазКонстракшнның» теріс тірлігіне тыйым бола ма?
Қазақстан Республикасы Президенті
Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың,
Қазақстан Республикасы Президенті
Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың,
Қазақстан Республикасы Премьер-Министрі
С.Ахметовтың,
ҚР парламент мәжілсінің төрағасы
Н.З.Нығматуллиннің,
ҚР жоғарғы сотының Төрағасы Б.А.Бекназаровтың,
«КазМұнайГаз»Ұлттық
компаниясы АҚ-ның
басқарма басшысы
С.Мыңбаевтың,
және
Қазақстандағы Түркия елшілігінің
назарына!
Құрметті! Елбасы,
Біз,«Саят-ЖАН ЖШС-і» атынан хат арқылы төмендегіні баяндаймыз: 2011 жылдың Ақпан айынан бүгінгі күнге дейін, «СамұрықҚазына» Ұлттық Әл-ауқат қорынан, Астана қаласындағы тұрғызылып жатқан Қазақ Тарихы мұражайының құрылысы барысында, мемлекет қазынасынан «ТуркуазКонстракшн» ЖШС-і арқылы ондаған миллиард теңгенің талан-таражға түсіп, ұстағанның қолында, тістегеннің аузында кетіріп, отырғандарымен қоймай, Құрылысты жүргізіп жатқан «ТуркуазКонстракшн» ЖШС-і Отандық кәсіпкерлерді арам пиғылмен жұмысқа тартып, екі жақты жасалынған келісім шарттың, өздеріндегі данасының бір парағын ауыстырып, қолдан жасап (подделка) 15.11.201 жылы «Саят-ЖАН» ЖШС-і атынан жалған (подделка) хат жасап әуре сарсаңға салып, адал еңбек ақымызды төлемей, келеке-мазақ қылып отыр. Бүгінгі таңда «Саят-ЖАН» ЖШС-і Қазақстан Тарихы Мұражайының сыртқы инженерлік желілердің құрылысын жүргізіп, аталған құрылыстың бас-мердігері « ТуркуазКонстракшн» ЖШС-іне екі жақты қабылдау актісімен 134 677 585 теңгеге өткізіліп, 05.09.2011жылдан 20.02.2012жылға дейін «ТуркуазКонстракш» ЖШС-і, «Саят-ЖАН» ЖШС-не 84 793 084(Сесен төрт миллион жеті жүз тоқсанүш мың сексен төрт) тенге қаражат аударып, осы аударылған сомманың 18 200 000 (Он сеніз миллион екі жүз мың) теңгесін 25.02.2012жылы өздері алған болатын, себебі 25.02.2012жылғы №0014-ші кіріс ордерінде көрсетілген және (Диктапонға жазылған). Өздері алған сомманы қоспағанда, маңдай терімізбен тапқан еңбек ақымыз 59 677 186,83 (елу тоғыз миллион, алты жүз жетпіс жеті мың , жүз сексен алты теңге, сексен үш) тиын қаржымызды алалмай, салық алдында және жұмысшыларымның алдындағы еңбек ақысын қосқанда 30,000,000 отыз миллион теңге берешек болып отырмын.
Жоғарыда аталған мән жайлар жайлы хабарлап , көмек сұрап, 1).ҚР Экономикалық және Ұйымдасқан Сыбайлас Жемқорлыққа Қарсы Күрес Агенттігінің төрағасы Р.Түсіпбековке, 2). ҚР Бас Прокуроры А.Дауылбаевқа, 3). ҚР Қаржы Министрі Б Жамишевке, 4).КазМұнайГаз Ұлттық компаниясы АҚ Басқармасының бұрынғы басшысы Л.Қиыновқа, 5).Құрылыс және Тұрғын үй шаруашылық Агенттігінің төрағасы С.К.Нокинге, 6). Мемлекет қаржысының орындалуын қадағалайтын есеп комитетінің төрағасы О.Н.Өксікбаевқа , 7).)ҚР алдыңғы Премьр министрі Карим Масимовқа, 8).Астана қалалық Сәулет-Құрылыс қадағалау басқармасына хат жолдағанбыз.
Осы жоғарыда көрсетілген құзырлы мекемелердің ішінен Астана қалалық Сәулет-Құрылыс басқармасы ғана шындықтың бір шетін ашуға ыңғайланып барып, құрылысты жүргізіп жатқан «ТуркуазКонстракшн» ЖШС-нің мұндай құрылыс салуға ешқандай рұқсаты жоқ екенін және Қазақстан Тарихы Мұражайының ЖОБА СМЕТАЛЫҚ ҚҰЖАТТАРЫ мемлекеттік сараптамадан өткізілмей заңсыз екенін хат арқылы хабарлап қоя салып, құрылысты тоқтатудың орнына, Қазақ екі бөлмелі дүкен тұрғызса күніне үш рет келіп, құрылысқа рұхсат қағаз сұрап, ол болмаса құрылысты тоқтатып, өз несібесі , өзіне бұйырмай жүрген сорлы қазақтың мойнына бірнеше миллион тенге айыппұл салатын мекемелердің бірі, Астана Сәулет-Құрылыс мекемесінің ,«ТуркуазКонстракшн» ЖШС-іне аз ғана айыппұл салып шектелгеніне қандай қазақ себеп болып отыр екен. Сонда бұл қалай болғаны?
Ал, әншейінде он-онбес мың теңге жегені үшін қарапайым қазақты ұстап мойнына бірнеше жылды арқалатып түрмеге қамап тастап, БАҚ арқылы біз, заңмен жұмыс істейміз, Елбасымыз Н.Ә.Назарбаевтың қатаң тапсырмасы бойынша Мемлекеттің бір тиынына дейін қадағалап отырмыз, Коррупцияға жол бермейміз деп, жақанға жар салатын ҚР БАС ПРОКУРАТУРАСЫ және ҚР Экономикалық және Сыбайлас Жемқорлыққа Қарсы Күрес Агенттігінің 2012 жылы 4-ші қыркүйекте «Хабар» телеарнасы арқылы Қазақстан азаматтарынан мемлекет қаржысын талан-таражға салу фактісін байқаған азамат, сым тетік арқылы хабар берсе болды, талан-таражға түсіріп жатқан кім болсада,заңмен жазалаймыз деп, сым тетік номерлерін жазып хабар тарата отырып, «СамұрықҚазына» Ұлттық Әл-ауқат қорынан ондаған миллиард теңгенің, ұстағанның қолында, тістегеннің аузында кетіп, талан таражға түсіріп отырғандарын көріп біле тұра, теріс қарап отыруларының себебі неде екеніне түсіне алмай, «Ұлттың Әлауқат» қорын «ТуркуазКонстракшн» ЖШС-мен Ел басқарып отырған бір қылмыстық топ жекеменшіктеріне айналдырып алған ба деген, жұмбақтың шешуіне жете алмай жүрген жайымыз бар. Мүмкін Б.Ұлтанбаевпен, Зеке Пелге айтқан, ел басқарған үлкен кісілер, Елбасымызға қарсы астыртын жұмыс істеп жүрген шығар деген туындаған күмәнмен, Былтыр 2012 жылы қыркүйек айында Астана қаласы, мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотына Қазақстан Тарихы Мұражайының құрылысын заңсыз жүргізіп жатқан «ТуркуазКонстракшн» ЖШС-інен қарызды өндіріп алуға және заңсыз құрылысты тоқтатуға талап арыз беріп, Экономикалық соттың төрағасы Дамир Абдуғалиевтің қарауымен, сот отырысы барысында «ҚазМұнайГаз Сервис» ЖШС-нің уәкілі Батырбек Ұлтанбаев қойылған сұрақтарға төмендегіше жауап берді. Б.Ұлтанбаев Қазақстан Тарихы Мұражайының құрылысын салуға Бас мердігерді анықтайтын және ЖОБА СМЕТАЛЫҚ құжаттарын жасауға Мемлекеттік сатып алу конкурсыда өтпегенін, өзі осы Жобаның менеджері екенін және Жоба Сметалық Құжаттары мемлекеттік сараптамадан өтпей құрылыс жүргізу заңсыз коррупциялық қылмыс деп сайрап отырып, сонда жасалынбаған жобаға менеджер емес, мемлекет қаржысын талан таражға салып ел басқарып отырған топпен, «ТуркуазКонстракшн» арасындағы делдал екенін айта алмай қиналып тұрып, ары қарай сөзін «ТуркуазКонстракшн» ЖШС-і, «Саят-ЖАН» ЖШС-іне қарыз екені растығын, екі жақты қабылдау актілерімен дәлелденгенін айтып , «ТуркуазКонстракшн» қарызын төлейміз деген, бірақ «Саят-ЖАН» ЖШС-і Түріктердің қойған шартына көнбей жүр екен, Түріктер маған солай айтты деп тоқтадыда. Ол өзін, мен орындаушымын, ал, миллиардтаған мемлекет қаржысын жымқырып отырған төбедегі үлкен кісілер, ел басқарып отырғандар, бұл музей құрылысынан үлкен кісілер, екі рет қайталап өте үлкен кісілер, Елбасының қасындағы адамдар миллиардтап үлесін алып отыр деп нақты шегелеп айтып, Д.Абдуғалиевтен құрылысты тоқтатпауын өтінген болатын.
Сот Д.Абдуғалиев осы Б.Ұлтанбаевтың аузынан Елбасының адамдары деген сөзді естігеннен кейін бе? әлде сол үлкен кісілер қысым жасадыма? ҚАЗАҒЫМ БАР, Түркі бар, міндетін білмейтін Судьялар бар, әйтеуір бәрі жабылып жүріп «Саят-ЖАН» ЖШС-нің 500(бес жүз) парақтан тұратын нақты дәлелдерін жоққа шығардық деп жүрсе керек. Судья Д.Абдуғалиев миллиардтаған теңгенің талан-таражға түсіп жатқанын көре тұра , Қазақстан Республикасының кез- келген азаматы Сотқа хатпен хабарласа, ондай кезде Сот, ЖОБА құжаттары жоқ құрылысты тоқтатуға ТІКЕЛЕЙ МІНДЕТТІ екенін заңда анық көрсетіп қойғанын және екі жақты қабылдау актісінен басқа нақты дәлел болмайтынын білмесе ол қалай? соттың төрағасы болып отырғанын, түсіне алмай дал болып, Сот іс бойынша шешімді заңға бағынып шығару керек, ал өз ойымен, әлде біреудің ықпал өтінішімен шешім шығарып, іске нүкте қойатын Астана қ-сы,мамандандырылған ауданаралық сотының төрағасы Д.Абдуғалиев әулие болайын деп жүрген шығар, мүмкін Д.Абдуғалиев талап арыздыдарды жеке өтінішпен (Заказной суд) қабылдайтын бапты заңға енгізейін деп жүрген шығар, деген де ойлар келеді.
Осы сот отырысынан бір ай бұрын Б.Ултанбаевпен телефон арқылы сөйлескенімде, ол маған Нұркен, «ТуркуазКонстракшн» ЖШС-нің, «Саят-ЖАН» ЖШС-і алдында қарыз екенін білеміз барлық қабылдау актісін көрдік.ТуркуазКонстракшн ЖШС-нің басшысы Зеке Пелгеге айттық, Зеке Пелге саған хабарласады, сен ешқайда жазба «шум» болмайақ қойсын деп айтқан соң , мен жарайды деп келісім берген едім. Содан екі күн өткен соң яғни, 2012жылы 16-шы тамыз күні «ТуркуазКонстракшн» ЖШС-нің басшысы Зеке Пелге, маған телефон арқылы хабарласып, еңбек ақынды төлеймін деп 2012ж 18-тамыз күні Алматы қ-ғы Анкара мейрамханасына бейбіт келісімге келуге шақырды.Осы аталған күні Алматы қ-сы, Анкара мейрамқанасында Зеке Пелгемен кездесу барысында, Зеке Пелге қарызын мойындап. Сен, менің қойған шартыма көнбедің сонан соң төлемедім дейді. Оның бірінші қойған шарты 2012жылы 16-наурызда ол маған, менің қол астыма штатқа жұмыс істеуге кірсең айына 3 000 000(үш миллион) теңге айлық есебінде төлеп бір жыл ішінде құтыламын деп қылған мазағына мен келісім бермеген соң, төлемегенін айтып, осы кездесу үстінде Зеке Пелге маған төмендегіше екінші шартын ұсынып, ол, сөзін Нұркенбей мен саған қазір 17 000 000(он жеті) миллион теңге төлеймін, сен «Саят-ЖАН» ЖШС-нің атынан «ТуркуазКонстракшн» ЖШС-не қояр кінәм жоқ, барлық қарызын төледі деп жазып және екі жақты қойылған қабылдау актілердің түп нұсқасын бересің, сонан-соң бес жұмыс күні ішінде қалған қаражатыңды толық төлеп беремін деп айтқан кезде, мен, оның түріне қарап мынау недеген арамдық әрекет жасап отыр, Ресейде осындай әрекет жасап көп адамның ақысын жеп, орыстар хайуан деп тіл тигізіп, сөзіне жауап бере алмай, қасындағы жолдастарын тастап Стамбулға қашқан соң, орыс ұлтына тіл тигізгені үшін, Орыс халқының азаматтары, Зеке Пелгені Стамбулға артынан қуып барып, жазасын беріп, коляскаға отырғызып, Ресейге қарай аяғын баспайтындай жазалағанын, маған өзінің сенімді адамдары айтып және бұл арамзаға сенбе деп ескерткенін елестетіп ойланып отырғанымда, ол маған осы шартыма келісесінбе деді. Мен, Зеке Пелгеге сенің қандай арамдық жасамақшы болып отырғаныңды ойланып отырмын, соны айтшы деп сұрап едім. Зеке Пелге бізге ойланатын қазақ керек емес, бізге айтқанымызды істеп, айдағанымызға жүретін қазақ керек деп мазақ қылып, айқайлап күліп отырды. Мен оның мазақ қылып отырған шартына келісім бермеген соң, ол маған ақыңды сот арқылы ала-алмайсың «ТуркуазКонстракшн» ЖШС-нің артында өзіңнің ел басқарған Қазақтарың тұр , мен соттан ұтылмаймын және сотыңа бармаймында, керек болса соттарың менің алдыма келеді және мені ақтау үшін жұмыс істеттіреміз, қандай шешім шығару керек екенін, өздеріңнің елбасыларыңның қасындағы Қазақтар айтады, өзіңді кінәлі қыламыз. Сендер, Шымкенттің қазақтары өзбек, күрд шатысқан гибридсіңдер, қалған Қазақтар төрт аяқты қой сияқтысыңдар деп аузына келгенін айтып отырғанда, мен, ашуға шыдай алмай, оған осы сөзіңе жауап бер деп қарсы тұрып барып, ұлтқа іріткі салатын адамды қолсыз қалдырсада обалы жоқ екенін ойлап, өзімді әрең ұстап сабыр қылып тұрғанымда, ол ұрасынба ұр мені, мен мүгедекпін маған заң жоқ деген кезде ғана, ол өзін ұрғызып,менен құтылудың амалын жасап отырғанын байқатып қойды. Қазақтар бір-біріңді кінәлі қылып жүре беріңдер, Ел басқарып отырған Қазақтарың сендерді аяп жатқан жоқ , мен неге аяуым керек сендерді. Елбасыңа барсаңда маған бәрібір, мен соның адамдарымен миллиардтарды тонап бөлісіп жеп отырмын деп айтып отырғанда, мен, Орыс азаматтары, ит сияқты көшеге лақтырып тастаған, тілімен бәле іздеп жүрген опасыздың сөзін ары қарай тыңдай алмай, аталарымыз айтып кеткен, шеттен келген карға, сұңқар болмас деген алтыннан қымбат сөз, осындайларға айтылғанына көзім жетіп, мен, Зеке Пелгеге Қазақ төрт аяқты жануар деген сөзіңе жауап бересің. Қына тасқа бітеді, бәле басқа бітеді деп, бетіне бір түкіріп, ашумен шығып кетіп қалдым.
Содан кейін ойланып тағыда соттан әділдік іздеп көрейік деп биыл яғни , 2013ж 1-ші сәуірде Астана қ-сы,мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотына «Саят-ЖАН» ЖШС-і атынан , «ТуркуазКонстракшн» ЖШС-нен қарызды өндіру жөнінде берген талап арызымызды қарау барысында , ауданаралық экономикалық сотының судьясы Ш.М.Нусіповаға , Қазақстан Тарихы Мұражайының сыртқы инженерлік желілері бойынша Саят-ЖАН ЖШС-нің атқарған жұмысы екі жақты қабылдау актісі бойынша 134 672 585.жүз отыз төрт миллион алты жүз жетпіс екі мың бес жүз сексен бес теңгені құраса , «Саят-ЖАН» ЖШС-і 2013жылы 09-шы сәуірде ЭОЦ ЖШС-імен №61-13 санды құрылыс-экономикалық сараптамаға келісім шарт жасап ,«ЭОЦ» ЖШС-і «Саят-ЖАН» ЖШС-нің атқарған жұмысын 2013 ж 02-ші мамыр күнгі құрылыс-экономикалық сараптаманың қорытындысымен тайға таңба басқандай 149 372 858жүз қырық тоғыз миллион , үш жүз жетпіс екі мың, сегіз жүз елу сегіз теңгеге анықтап берген нақты дәлелді жоққа шығарып, 01.04.2013жылдан 17.06.2013ж дейін «ТуркуазКонстракшн» тарапынын бірде-бір адамы сотқа қатысқан жоқ, Ш.М.Нусупова Саят-ЖАН ЖШС-нің барлық ұсынған дәлелдерінің біреуінде қарамай, 17.06.2013жылғы отырысқа «ТуркуазКонстракшн» уәкілі 78-ші күні бірінші рет сотқа қатысқан болатын. Осы сот отырысына дейін, бірде-бір сот отырысы өтпеген еді, себебі «ТуркуазКонстракшн» ЖШС-і уакілдері сотқа келмей уахытты созып қашқақтап жүрген болатын. Барлық дәлелді, сараптама қорытындысын, «ТуркуазКонстракшн» ЖШС-мен, «Саят-ЖАН» ЖШС-і арасындағы 15.08.2011жылғы келісім шарттың, Түріктер өздеріндегі данасының бір парағын ауыстырып қойған подделканы және 15.11.2011жылы «ТуркуазКонстракшн» ЖШС-нің,«Саят-ЖАН» ЖШС-і атынан жасап алған поделка хаттыда судья Ш.М.Нусупова көре тұра ешқандай іске қатысты сұрақта қоймай, 3-айға жуық күткен сот отырысын үш минутта, извините сегодня у меня срок я сегодня объязано вынести решение дедіде, алдын ала Туріктердің пайдасына дайындап қойған, Д.Абдуғалиевтің заңсыз шешімін қысқаша қайталап шығара салды. Зеке Пелге айтқандай «ТуркуазКонстракшн» ЖШС-і сотқа келмейақ мені кінәлі қылып, сотты елбасқарып отырған адамдары арқылы ықпал жасап отырғанына күмән жоқ екені көрініп тұр.
Биыл 2013 жылы Ақпан айында Қазақстан Тарихы Мұражайының бір блогы яғни, металлоконструкциядан тұрғызылған ғимарат 38 см-ден артық жерге шөгіп кеткен, «ТуркуазКонстракшн» ЖШС-і осы улкен ғимараттың астын тесіп бетон құйып 4-5 жылға шыдайтындай етіп көз бояушылық жасап қойғанын , сол жердегі Қазақ жұмысшылары ашу-ызамен айтып, 2013 жылғы мамыр айында құрылыс басында асханада ыдыс жуатын жұмысшы Қазақ қызын отқа күйдіріп (Қазақ қызын күйік шалғаны жайында «Хабар» теле арнасынан көрсетілген еді) ақысында төлемей жарым-жан қылып, көшеге шығарып тастаған, асқананы басқаратын Ницца атты Зеке Пелгенің қызының мұндай қылығына, құрылысшы қазақ жігіттері бастарын шайқап, билікке сенбейтіндерін күрсіне айтып, тек Ақтау оқиғасының қайталануын кутуден басқа амалдары жоқ екенін көздерінен жас алып тұрып айтты.
Құрметті Елбасы және ел басқарып отырған азаматтар.
1. Менің, Сіздерден басқа сенетінде, қазақтың мұңын жазып, көмек сұрап баратында ешқандай сенетін құзырлы мекеме де қалмады. Бұл хатты,ел басымыз Н.А.Назарбаевқа жеткізбеулері мүмкін екенін ойлап, Сіздің жеке Веб-сайтыңызға және БАҚ-құралдары арқылы қалайда Сізге жеткізіп тек, Сіздің ғана араласуыңызбен шешілмесе басқа ешқандай билікке сенбейтінімізді айта отырып,«ТуркуазКонстракшн» ЖШС-інен, өзім басқарып отырған «Саят-ЖАН» ЖШС-інің қақаған аязда еңбек етіп, адал маңдай терімізбен тапқан 59 677 186,83 тиын елу тоғыз миллион, алты жүз жетпіс жеті мың, жүз сексен алты теңге, сексен үш тиын еңбек ақымызды төлеттіріп беруге ықпал жасауыңызды,
2. Шеттен келіп, Қазақтың тұзын татып, қалтасына миллиардтарды басып, Ұлтқа іріткі салып, намысымызды таптап Қазақты жануар, гибрид деп атаған Зеке Пелге өмір сүруге қақысы жоқ деп ойлаймыз Қазақстанда, жүрген жерінде ылаң шығарып жүретін «ТуркуазКонстракшн» ЖШС-мен, оның басшысы Зеке Пелгені елден Департациялауды,
3. Астана қ-сы ауданаралық экономикалық Сотының төрағасы Д.Абдуғалиевпен, осы Соттың судьясы Ш.М.Нусіпованың іске қабылдаған материал бойынша 78-күн бойы бірде бір сот отырысын өткізбей, Саят-ЖАН ЖШС-нің 100-пайыз делелдеріне көзінде салып қарамай үш минутта сот отырысын шешіп, заңды кінәлі жаққа бурмалау әрекеттеріне, заңды жаза қолдануыңызды,
4. Ел басқарып отырып, Мемлекеттің қаржысын талан-таражға салып ондаған миллиард теңгені қолды қылып жүрген қылмыстық топты, жерге шөгіп жатқан құрылысы сапасыз Музей ғимаратына қатысты адамдарды (жабық жұмыс Актілеріне, қандай сапаға қарап?, бағасы күніне 2-рет қымбаттайтын, қабылдау Актілеріне технадзор қандай? құрылыс нормаларына қарап қолын қойды,қабылдау Актілері Форма2, Форма3-ке қойылған бағалардыда өз ойларынан шығарып қойып отыр) және технадзорды қоса, Қазақстан заңының қатал баптарымен жазаға тартуыңызды, Қазақ елінің патриот азаматы ретінде «Саят-ЖАН» ЖШС-і атынан және ЖАНұямның атынан сұранамыз.
Хаттағы ксеро-көшірмелер Елбасына ғана жіберілді, басқа мекеменің барлығына жолданған.
1. Атқарылған жұмыстарды қабылдау актісімен счет фактуралар 7-дана, №0000001, №0000002, №0000003, №0000004, №0000005, №0000006, №0000007, 16-парақта.
2. Экономикалық Сот Төрағасы Д.Абдуғалиевтің «Саят-ЖАН» ЖШС-нің 500 (бес жүз)парақты нақты дәлелін жоққа шығарып, жоғарыдан қысым жасады деп шығара салған 01.10.2012ж №02-7030-12 шешімі 5-парақ.
3. Құрылыс және Тұрғын-үй шаруашылық Агенттігінің хаты 1-парақта.
4. Астана қ-сы,ауданаралық экон-лық сотының судьясы Ш.М.Нусупованың 17.06.2013ж 02-3776-13 санды, үш минутта шығарған заңсыз шешімі 3-парақта. 5. Астана қ-сы «ЭОЦ»ЖШС-нің құрылыс -экономикалық сараптамасының №61-13 санды қорытындысы 115парақтан тұрады, хатқа 23-парағы тіркелді.
6. Құзырлы мекемелерге 2012 жылы қыркуйек айында КОРРУПЦИЯ-ны хабарлаған хат 9- парақта.
7. Рекомендательное письмо от 02.02.2012г.1-парақта. 8. протокол совещание от 16.03.2012г.1-парақта.Саят-ЖАН ЖШС-нің ақысын айлықпен төлеймін деген хат.
9. 01.09.2011ж протокол №11. 1-парақта
10. Таблица стоймости о увеличение суммы без материалов от 07.11 2011 г. 1-парақ.
11. 15.11.2011жылы ТуркуазКонстракшн ЖШС-нің, Саят-ЖАН ХШС-і атынан жасап алған жалған (подделка) хаты және «Саят-ЖАН» ЖШС-інің 14.03.2011жылы подделка хатқа берген 026-санды хат жауабы.2-парақ.
12. 4.03.2012жылғы Саят-ЖАН ЖШС-інің,ТуркуазКонстракшн ЖШС-не жолдаған 022 санды хаты.1-парақ.
13. 15.02.2012 жылғы ТуркуазКонстракшн ЖШС-інің хаты.1-парақ.
14. 20.02.2012жылғы екі жақты салыстыру актісі.1-парақ.
15. 25.02.2012 жылғы №0014-ші «ТуркуазКонстракшн» ЖШС-нің 18 200 000теңге алған кіріс ордері 1-парақ.
Жалпы саны 73-парақ.
«Саят-ЖАН» ЖШС-нің басшысы Айнабеков.Н.С
Шымкент қ-сы,18-м/ауд,79-
31.«Саят-ЖАН» ЖШС-нен.
Тел/факс (8-7252) 32-36-12.
моб: 8-701-225-17-59, 8-775
357-77-77.
Abai.kz