Сенбі, 23 Қараша 2024
Жаңалықтар 2894 0 пікір 9 Қыркүйек, 2013 сағат 09:13

alash-orda.kz: Қазақстан, Жапония, Ресей және АҚШ тарихшылары «бас қосты»

Қазақстан, Жапония, Ресей және АҚШ тарихшыларының материалдары жаңадан іске қосылған alash-orda.kz порталында жарияланып тұрады.

Бұл туралы бүгін Астанада аталған порталдың таныстырлымында «Алаш» қозғалысын зерттеуші, жоба ұйымдастырушыларының бірі Сұлтанхан Аққұлы мәлім етті.

«Портал алдымызда болатын «Алаш» ұлттық қозғалысының 100 жылдық мерейтойына арналып отыр. Сайттың ең басты мақсаты - Қазақстан халқына, жастарына бұрмаланбаған, бейтарап және ақиқи материалдарды ұсыну. Естеріңізде болса, Кеңес Одағы кезінде біздің тарих саясиландырылды, түпкі тарихымыз бұрмаланып, идеологиялық себептермен жасырын ұсталды. alash-orda.kz сайтының міндеті - қазақтың мемлекеттілігін мойындатқан алаштықтар туралы жойылуға шақ қалған тарих ақтаңдақтарын ашу», - дейді ғалым.

С.Аққұлының айтуынша, қазіргі таңда сайт бетіне жарияланатын материалдар топтастырылып жатыр. Барлық ғылыми зерттеулер қазақ, орыс және ағылшын тілдерінде жарияланып тұрмақ.

«Сонымен қатар порталда шетел зерттеушілерінің, соның ішінде Жапония, Ресей және АҚШ ғалымдарының еңбектері жарияланады. Сайтта ағылшын тілінде парақшаның жасалуы да сондықтан. Яғни сайт Қазақстан тарихын зерттеп жүрген барлық ғалымдарға ашық болады. Әрине, сайт редакциясы алдымен ол деректерді түпнұсқалығын тексеріп отырмақ», - деп түйді С.Аққұлы.

Абай-ақпарат

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1465
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3235
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5366