Сейсенбі, 1 Қазан 2024
1331 0 пікір 9 Қараша, 2023 сағат 14:46

Елімізде тұрғындар 259 млн теңгені қаржы пирамидасына салған

Қазақстанның 10 өңірінде «Eolus» компаниясының қаржы пирамидасының құрылымдық бөлімшелерінің басшыларына қатысты қылмыстық істер тергеліп жатыр, деп хабарлайды ҚР ҚМА Баспасөз қызметі.

Қылмыстық іс Абай, Ақмола, Ақтөбе, Атырау, Шығыс Қазақстан, Батыс Қазақстан, Жетісу облыстарында, сондай-ақ Алматы, Астана және Шымкент қалаларында тіркелді.

Ұйымдастырушылар «ENERGY EOLUS QAZAQSTAN» ЖШС-ін бір азаматтың атына тіркеу арқылы оны өздерінің қылмыстық іс-әрекетіне тартқан.

Салымшылар қаражатты инвестициялау кезінде ақшаны алу үшін қажетті соманы жинақтай отырып, күн сайын 2,5-тен 3,5% - ға дейін пайда алады.

Жаңа пайдаланушы тартылған кезде салым сомасының 10% мөлшерінде біржолғы ақшалай сыйақы, сондай-ақ жаңа пайдаланушының жыл ішіндегі күнделікті табысының 4%-ы төленеді. Осылайша, сыйақы сомасы жылдық 3 000%-ды құрады.

Қазақстандағы өкіл ақша қаражатын екінші деңгейдегі банктегі өз шотына қабылдайды, содан кейін криптобиржаға аударып, айырбастауды жүргізеді. Соңында криптошелек арқылы «energyeolus.top» платформасындағы өз шотына аударады.

Кемінде 3 000-ға жуық адам қылмыстық әрекетке тартылған, оның ішінде 1 773 салымшы 259 млн теңге сомаға мүліктік зиян келтірілгені жайлы өтініш берген.

Еске сала кетейік, қаржы пирамидаларын құрғандар қылмыстық жауапкершілікке тартылады және мүлкі тәркіленіп, 10 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айырылады.

Abai.kz

0 пікір