Сенбі, 23 Қараша 2024
Масқара! 2850 6 пікір 10 Қараша, 2023 сағат 14:27

Бишімбаевтың бұрынғы және қазіргі қылмысы...

Бұрынғы Ұлттық экономика министрі Қуандық Бишімбаев кісі өлтірді деген күдікпен ұсталды. Ақпаратты Ішкі істер министрінің орынбасары Сәкен Сәрсенов растады.

«Ол ұсталды, қазір тергеу шаралары өтіп жатыр. Қалғанына пікір білдіре алмаймын. Жұмыс аясында сіздерге қосымша мәлімет беріледі», - деді ол.

Кеше БАҚ беттерінде экс-министрдің Астанадағы мейрамханалардың бірінде әйелін өлімші етіп сабап тастағаны туралы ақпарат тараған еді. Ауыр соққыдан кейін жедел-жәрдем келем дегенше келіншек оқиға орнында көз жұмған.

«Астана қаласының полиция департаментіне қаладағы мейрамханалардың бірінде келушілер арасында жанжал болып, нәтижесінде әйел дене жарақатынан қайтыс болғаны туралы хабарлама түсті. Күдікті ұсталды. Тиісті сараптамалар тағайындалды. Оқиға орнында полиция бөлімі мен Есіл аудандық бөлімшесі жұмыс істеп жатыр, тергеу амалдары жүргізілуде», - делінді елорда полициясының хабарламасында.

Қайтыс болған азаматша – 1992 жылы туған Нүкенова Салтанат Амангелдіқызы, ол Қуандық Бішімбаевтың екінші әйелі болған, екеуінің ортақ бір баласы бар. Экс-министрдің алғашқы некесінен – 3 баласы бар.

Қуандық Бішімбаев «Болашақ» бағдарламасымен шетелде оқыған. 2009-2010 жылдары Президент Назарбаевтың көмекшісі қызметін атқарған. Одан кейін Сауда және экономикалық даму министрінің орынбасары, «Самұрық-Қазына» қоры басқарма төрағасының орынбасары болды. 2013-2016 жылдар аралығында «Бәйтерек» АҚ басқарма төрағасы, 2016 жылы бірнеше ай Ұлттық экономика министрі қызметін атқарды.

2017 жылы 10 қаңтарда аса ірі көлемде пара алды деген айыппен тұтқындалады. 2018 жылы 14 наурызда сот шешімімен 10 жылға сотталады, алайда 2019 жылы 25 қыркүйекте кешірім сұрап, бостандыққа шыққан. Шымкент қаласының Абай аудандық соты оның мерзімінен бұрын шартты түрде босатқан.

Abai.kz

6 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1472
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3248
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5443