Сенбі, 19 Қыркүйек 2026
Жаңалықтар 3391 0 пікір 21 Мамыр, 2009 сағат 08:07

Егіске күн райы кедергі келтіруде

Солтүстік Қазақстан облысының диқандары көктемгі егіс науқанын бастап кетті. Биыл 3,9 миллион гектар алқапқа дән себіледі деп жоспарланып отыр. Бұл өткен жылғыдан 200 мың гектарға көп. Сонымен қатар, 176 мың гектар жерге майлы дақылдар, 30 мың гектарға картоп пен әртүрлі көкөністер егіледі. Тағы 303 мың гектарға жүгері мен біржылдық және көпжылдық шөптердің тұқымдары сіңіріледі.
Былтыр қуаңшылыққа қарамастан қызылжарлық диқандар 5 миллион тонна астықты қамбаға құйып алған болатын. Биыл сол межеден жоғарыламаса, төмендемеуді мақсат етіп отыр. Бірақ, кешелі-бүгінгі жауған жаңбырдың кесірінен дала жұмыстарын сәл тоқтата тұруға тура келді. Ал ауа-райын болжаушылар жақын күндері күн райы күрт сууы мүмкін дегенді де айтып қалды.

Ербақыт АМАНТАЙҰЛЫ,
Солтүстік Қазақстан облысы

0 пікір

Үздік материалдар

Көкжиек

Азаматтық қоғам һәм ғылым мен білім дамуы...

Ахметбек Нұрсила 1317
Білгенге маржан

Париждегі кітап және қазақ даласының тарихы

Өмір Шыныбекұлы 2885
46 - сөз

«Білімге мәжбүрлеу»

Әбдірашит Бәкірұлы 972
Ақмылтық

Көшпендер ойыны құт болсын!

Серік Ерғали 903