Сенбі, 23 Қараша 2024
Жаңалықтар 2813 0 пікір 12 Қыркүйек, 2013 сағат 14:53

Оралман көші оңдалу керек

«Ақ жол»: Оралмандардың көшін дұрыс ұйымдастырып, отандастарымыздың елге оралуын, олардың жаңа өмірге тезірек бейімделуін реттейтін жүйелі шаралар қабылдау қажет. Қазақстанның «Ақ жол» Демократиялық партиясының баспасөз қызметі осылай деп жазды.

    Бүгінгі күні Елбасы тәуелсіздіктің алғашқы жылдарында-ақ жариялаған этникалық қазақтардың тарихи отанына оралуына жәрдемдесу саясатын жүзеге асыруда Үкіметтің кейінгі кезде салғырттық танытып, бұл үдерісті уақыттың талабына сай жаңа тәсілдермен жаңғыртып, дұрыс ұйымдастыра алмай отырғаны ешкімге де жасырын емес. Осыған орай, 2013 жылдың 6-шы маусымында «Ақ жол» партиясының Парламенттік фракциясы Қазақстан Республикасының Үкіметіне осы этникалық көші-қонды реттеу мәселелеріне қатысты депутаттық сауал жолдаған болатын. Онда, шет елдердегі қандастарымыздың көшу үрдісінің тоқырап қалғандығына алаңдаушылығын білдірген «Ақ жол» депутаттары қазіргі таңда оралмандардың Қазақстандағы жергілікті елмен біртұтас болып кірігіп кетуіне кедергі келтіріп отырған мәселелерді жіліктеп атап, Үкіметтен отандастарымыздың елге оралуының, ел өміріне тезірек бейімделуінің жүйелік шараларын қабылдаудың қажеттілігін талап еткен еді.

     Осыған байланысты Үкіметтің берген жауабында іс жүзінде «Ақ жол» партиясының көтеріп отырған мәселелерінің орынды екені, бұл іске мүлдем жаңаша келудің қажеттігі мойындалған. «Елдің заңнамасында аталған саясатты іске асыру жылдарында оралмандарды қатаң түрде әкімшілік-аумақтық бөлініс бойынша орналастыру жүргізілген жоқ. Қазақстан аумағында тұрғылықты тұратын жерді тек оралмандардың өздері өз қалаулары бойынша таңдады». Оралмандарды тиімді орналастыру мәселесін шешудің бірден-бір жолы «Нұрлы көш» бағдарламасы болып саналған. 2009-2011 жылдар ішінде бағдарлама бойынша 2604 үй, оның ішінде Шығыс Қазақстан облысының Шығыс кентінде 463 үй тұрғызылған. Алайда, депутаттық сауалға Үкімет жауабында айтылғандай «Бағдарламаның пилоттық жобаларын іске асыру қорытындылары оралмандардың көбінің табыстары болмағандықтан немесе жеткіліксіз болғандықтан, олардың ипотекалық кредит алу тетігіне қолжетімсіздігін көрсетті»

     Бұған қоса, Үкімет «оралмандардың жинақы түрде бір жерге орналастыру қағидаты тиімсіз болып шықты, бұл қағидат олардың оқшаулануына, Қазақстандық ортаға әлеуметтену процесінің қиындауына әкеліп соқты» деп, «ақжолдықтар» талдау-пайымдарына ұқсас пікір білдірген. Бұл «...бір жағынан жергілікті халықтың көшіп келген этникалық қазақтарды әркелкі қабылдауына, екінші жағынан оралмандардың психологиялық тұрғыдан дайын дайын болмауына және өздері келген елдердің әдеті бойынша өмір сүруді жалғастыруына байланысты».

    С. Ахметов қол қойған жауап былай тұжырымдалыпты: «Қазіргі таңда, Қазақстан Республикасының Үкіметі оралмандарды тиімді орналастыру өңірлерін айқындауды, оралмандардың көшіп келу квотасын, квотаға енгізілгендер үшін төленетін ақшалай төлемді белгілеуді алып тастауды, Қазақстан азаматтығын тек Қазақстан Республикасы аумағында кемінде бес жыл заңды негізде тұрақты тұрып жатқан этникалық қазақтарға беруді көздейтін этникалық көші-қон саласын реттейтін жаңа тәсілдерді әзірлеуде».

   Әрине, Үкіметтің аса маңызды ұлттық мәселелердің бірінің тиімді шешілуіне ұмтылып, жаңа әдістер мен тәсілдемелер қарастырып жатқаны көңілге жылылық ұялатады. Дегенмен, «көп болып пішкен тон келте болмас». «Бар қазақ, бір қазақ» ұстанымындағы «Ақ жол» партиясы оралған отандастарымыздың мүддесін қорғаудың тиімділігін қалай арттырамыз деген мәселені әлде де жұртшылықтың талқысына  салып, тиянақтап, пісіріп, түбегейлі шешу үшін, бұл тақырыптағы пікірталастарды бұқаралық ақпарат құралдарында жалғастырып, онда айтылатын тың ұсыныстар мен пікірлерді Үкіметтің қаперге алғаны жөн деп санайды.

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1466
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3241
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5385