Сенбі, 23 Қараша 2024
Жаңалықтар 2892 0 пікір 9 Қыркүйек, 2009 сағат 08:24

Ақтөбе облысында бір тәулікте екі жол-көлік апатында үш бала зардап шекті, біреуі қаза тапты

Ақтөбе. 9 қырқүйек. ҚазТАГ – Облыс аумағында сейсенбі күні болған екі ЖКА-да бес адам, соның ішінде үш бала зардап шекті, деп хабарлайды Қазақстанның ТЖМ.

Министрліктің республикалық дағдарыс орталығына аймақтан түскен мәліметтерге сәйкес, төрт адамның жарақат алуына алып келген жол-көлік оқиғаларының бірі Қобда ауданында болған. Алдын ала ақпарат бойынша, Қиыл ауылы арқылы өтетін «Самара-Шымкент» автожолының 67 шақырымында түскі уақытта Honda жеке меншік көлігі аударылған. Апат кезінде көліктің салонында отырған 36 жастағы жүргізуші, оның 30 жастағы әйелі, олардың 2 жастағы ұлдары мен 7 жастағы қыздары түрлі деңгейдегі дене жарақаттарымен ауруханаға жеткізілді.

Ақтөбеде болған ЖКА салдары бұдан ауыр болды. Таратылған ақпаратта айтылғандай, 20 сағат 20 минутта Әкімжанов атындағы көшеде Hunday көлігінің астына түскен 8 жастағы жүргінші оқиға орнында көз жұмды.

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1468
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3242
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5394