Сенбі, 23 Қараша 2024
Жаңалықтар 2448 0 пікір 18 Қыркүйек, 2013 сағат 06:06

Дәурен Абаев. Назарбаевтың жеті тірегі

Адам зердесі есте сақтауға да үйретеді, ұмыттыруға да бейімдейді. Әдебиет саласын¬дағы Нобель сыйлығының лауреаты Нагиб Махфуздың «Адамдардың еске сақтауы нашар» дегені осыдан шығар.
Біз де бүгінгі Қазақстанның тамаша табыстарына тамсанамыз деп, тәуелсіз мемлекет құру ісінің қалай басталғанын ұмытып кетіп жатамыз.
Ал шынында, жиырма жыл бұрынғы қадамдарымыз әлемнің аузы дуалы сарапшыларының ойына ешқандай оптимизм ұялатқан жоқ еді. Олар тәуелсіз дамудың келешегі жоқ екеніне ғылыми негізде дәлелдемелер келтірді.
Олардың мінсіз ой-қисындарында бәрі ескерілген сияқты еді. Халық құрылымы жағынан – этностық және діни қайшылықтар ортасымыз. Экономика жағынан – жалпыодақтық тетіктің бір бөлігіміз. Географиялық жағдайы¬мыз жағынан – әлемдік көлік жолдарынан аулақта жатқан тұтас анклавпыз. Геосаяси жағынан – ірі державалар мен тұрақсыздық ошақтарының қоршауындағы халық аз қоныстанған өңірміз.
Бір сөзбен айтқанда, картада бар, өмірде жоқ, қалыптаспаған мемлекеттер лагерінен едік.
Бұл болжам неге орындалмады?
Өйткені, олардың ой-тұжырымдарында ең басты нәрсе – ұлттың адами әлеуеті мен көшбасшысының саяси ерік-жігері ескерілмеді. Бұлар елеусіз өлшемдер ретінде есепке алынбады.

Адам зердесі есте сақтауға да үйретеді, ұмыттыруға да бейімдейді. Әдебиет саласын¬дағы Нобель сыйлығының лауреаты Нагиб Махфуздың «Адамдардың еске сақтауы нашар» дегені осыдан шығар.
Біз де бүгінгі Қазақстанның тамаша табыстарына тамсанамыз деп, тәуелсіз мемлекет құру ісінің қалай басталғанын ұмытып кетіп жатамыз.
Ал шынында, жиырма жыл бұрынғы қадамдарымыз әлемнің аузы дуалы сарапшыларының ойына ешқандай оптимизм ұялатқан жоқ еді. Олар тәуелсіз дамудың келешегі жоқ екеніне ғылыми негізде дәлелдемелер келтірді.
Олардың мінсіз ой-қисындарында бәрі ескерілген сияқты еді. Халық құрылымы жағынан – этностық және діни қайшылықтар ортасымыз. Экономика жағынан – жалпыодақтық тетіктің бір бөлігіміз. Географиялық жағдайы¬мыз жағынан – әлемдік көлік жолдарынан аулақта жатқан тұтас анклавпыз. Геосаяси жағынан – ірі державалар мен тұрақсыздық ошақтарының қоршауындағы халық аз қоныстанған өңірміз.
Бір сөзбен айтқанда, картада бар, өмірде жоқ, қалыптаспаған мемлекеттер лагерінен едік.
Бұл болжам неге орындалмады?
Өйткені, олардың ой-тұжырымдарында ең басты нәрсе – ұлттың адами әлеуеті мен көшбасшысының саяси ерік-жігері ескерілмеді. Бұлар елеусіз өлшемдер ретінде есепке алынбады.
Скептиктердің қателігі де осында еді. Әлем¬дік саяси сәуегейлердің теориясын қазақстандықтардың өмір тәжірибесі тас-талқан етті. Түрлі болжамдар мен жағдайларға қарамастан, біз әлсіз тұстарымыздың бәрін артықшылыққа айналдыра алдық. Бұлар біздің сенімсіздіктің ағынды өткелінен өтуге мүмкіндік беретін тіректерімізге айналды.

Күшіміз – жауапкершілікте

Барлық өзгерістердің өзегі мемлекеттіліктің қалыптасуына негізделген еді. Бәрін де жаңадан бастауға тура келді. Өйткені, бізде не егемен демократиялық республикаға, не нарықтық экономикаға мүлде сай келмейтін кеңестік аппараттың қалдықтары ғана бар еді.
«Мықты мемлекет» ұғымын әр ел әрқалай түсінеді. Қазақстан бұл жағынан «күтуші-мемлекетке» де, «полицей-мемлекетке» де айналған жоқ.
Біз үшін мықтылық дегеніміз – ең алдымен, жауапкершілік. Басқарудың мінсіз құрылымы болмайды. Алайда, Қазақстан мемлекеті ешқашан, тіпті ең қиын кезде де азаматтарын тастамады. Мемлекет елдің дамуына қа¬жетті танымал емес шешім қабылдауда өзіне жауапкершілік алудан қорыққан жоқ.

Бірлігіміз – әралуандықта

Жаңа тарихтан этностық әралуандық жағдайындағы табысты мемлекеттік құрылыстың мысалын табу қиын. Осы күнге дейін ұлттық мәселені шешудің тек екі-ақ тәсілі болды. Этностар не америкалық үлгідегі ортақ «қорыту қазанында» араласып жатады, не бұрынғы кеңестік елдердің бірқатарындағы секілді титулдық ұлт бөле-жара дәріптеледі.
Қазақстан өз халқының бірегей құрылымын әлгіндей қалыпқа салуға тырыспай, өзіндік жеке үлгісін жасады. Ол әралуандықты бұзған жоқ, керісінше, бірлігіміздің іргетасы етіп қалады. Біз өзімізді біртұтас елдің азаматы ретінде сезінеміз, бірақ тарихи тамырымызды, мәдени ерекшелігімізді, тілімізді ұмытпаймыз.

Еркіндігіміз – келісімде

Мемлекеттің дінге және керісінше, діннің мемлекет ісіне белсенді араласу әрекеті бейбіт тіршіліктің берекетін кетіре жаздағанын бүгінде мойындауға болады.
Халықтың даналығы, көшбасшының көрегендігі бізді мұндай қатерден сақтап қалды. Өмірдің қалыпты нормасына айналған діни төзім¬ділік ең осал саладағы тұрақтылықты сақтауға мүмкіндік берді. Біздің еліміздегі діни еркіндік декларациялар мен заңдардың мәтінінде емес, әрбір тұрғынның жүрегінде орныққан.
Бізді қиын сынақтардан алып өткен тәжірибеміз өзіміз үшін ғана құнды болған жоқ. Қазақстан конфессияаралық үнқатысудың әлемдік орталықтарының біріне айналды.

Абыройымыз – игілікте

Қазіргі әлемде көптеген мемлекет бірден бәріне қол жеткізуге ұмтылудың құрбаны болды.
Берік экономикалық тірек қалыптастырып алмай тұрып, саясат ойынын ойнау қаржылық, әлеуметтік және ақырында моральдық банкротқа ұрындыратын жол екені – талай сыннан өткен жайт. Бұл тірек болмаса, нағыз еркіндіктің орнын құр қиял мен түңілу сезімі басатын болады. Тек қуатты экономика ғана қоғамның өз жолын табуына мүмкіндік туғызады.
Қазақстан о баста өз басымдықтарын дәл айқындап алды. Біз күн тәртібінде азаматтардың бақуатты тұрмысын бірінші орынға қойдық. Президент өз халқы алдында адалын айтты: тек тұрмыс деңгейін арттыру ғана саяси өзгерістерге негіз бола алады.

Қауіпсіздігіміз – ашықтықта

Біздің картадағы орнымыз қандай? Біз – әлемнің көлік жолдарынан алшақ жатқан Еуразияның орта тұсындағы орасан зор анклавпыз.
Шын мәнісінде біз кімбіз? Қалыптасып келе жатқан өңірлік державамыз, әлемдік қоғамдастықтың құрметті мүшесіміз, ядролық қарусыздану үдерісінің көшбасшысымыз.
Бұл – теңгерімді, дербес сындарлы сыртқы саясаттың нәтижесі. Біздің еліміз біреуге қарсы тұру үшін дос болмайды. Оның геосаяси жағдайы популизммен айналысуға және бір сәттік пайданың соңына түсуге мүмкіндік бермейді. Сондықтан Қазақстан барлық негізгі серіктестермен және барлық тараптармен жақсы қарым-қатынаста.
Халықаралық істердегі жүйелі және сындарлы ұстанымымыз бүкіл әлемде бізге нағыз бедел алып берді.

Тәуелсіздігіміз – серіктестікте

Біз тарихи таңдау алдында тұрдық: қатерлері мен мүмкіндіктері бар үлкен әлемнің бөлшегі бола отырып, экономикалық бәсекелестік үшін ашық боламыз немесе әлемді дүр сілкіндіріп жататын тосын оқиғалар бізді айналып өтеді деген үмітпен өз шекарамызды қымтап алып, томаға-тұйық күйде қаламыз. Екінің бірі. Бірақ,  Қазақстан прогресс жолын таңдады.
Біздің ел өңірдегі интеграциялық үдерістерге жай қатысып қана қоймай, оған көшбасшылық етуде. Прагматикалық мақсаттарымызға қол жеткізу үшін мұның өмірлік маңызы бар. Интеграцияның түпкі мәні – Қазақстан үшін ірі державалармен тең дәрежеде диалог өткізіп, ұлттық мүдделерін қорғайтын алаң қалыптастыру.

Болашағымыз – бүгінде

Қазақстан әрдайым дамудың жаңа жолдарын іздеп, ұзақ мерзімді жоспарды басшылыққа алып келеді. Бұл – асқан қажеттілік. Шағын ел ретінде біз алдағы бірнеше қадамды көре білуге тиіспіз. Болашақтың қамын ойласақ қана, бүгін артта қалып қоймаймыз.
Қашанда, тіпті ең қиын кезде де кінәлілерді емес, жаңа мүмкіндіктердің жолдарын іздеген жөн. Ұзақ мерзімге арналған, нәтижесі бірден пайда әкелмейтін шешім қабылдаудан қорықпау керек.
Президенттің жас қазақстандықтардың қамын ойлауы – әрдайым болашақты ойлаудың көрінісі. Жалпы адам капиталына, жас буынға жұмсалған игіліктердің барлығы – ел болашағына салынған инвестициялар.

* * *

Нұрсұлтан Назарбаев бұл жеті тірекке ең қиын кезеңде – Тәуелсіздіктің алғашқы жылдарында сүйенді. Оларды таңдауға жас мемлекеттің беріктігінің әлеуеті және оның бұдан арғы бүкіл тағдыры байланысты болды.
«Жеті тірек» тұжырымдамасы жайма-шуақ жағдайда емес, ойлануға тіпті аз уақыт берілген, ал қателесуге мүлде мүмкіндік қалдырмаған оқиғалардың буырқанған ағысы барысында өмірге келді. Ол өмірдің өзінен алынған нақты саясаттың іске асырылуы болды.
Сол тарихи сәтте Мемлекет басшысы халқымыздың дүниетанымының түпкі мәнін тап басып, оның ең асыл қасиеттеріне жүгінді.
«Жеті тіректің» мызғымауының және бекем бола түсуінің құпиясы осында. Бұл – табыстылықтың жай ғана тарихы емес, Қазақстанның дамуына әлі де ұзақ уақыт негіз бола беретін әмбебап қағида.
Назарбаевтың «Жеті тірегі» әрдайым халықтың жадында қалатынына және Тәуке ханның «Жеті жарғысының», Ататүріктің «Алты жебесінің» қатарын толықтыратынына сенімдімін.

Дәурен АБАЕВ,
Қазақстан Республикасы Президентінің
кеңесшісі – Баспасөз хатшысы.
Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1466
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3240
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5383